
Қазақстаннан ер-азамат әкеліп қыздармен таныстыру туралы ұсыныстан кейін Омбыда әйел зорлау оқиғасы көбейген
«СуперОмск» сайтының хабарлауынша, қалада әйел зорлау оқиғасы белең алған.
Күні кеше ғана көшеде кетіп бара жатқан әйелді күшпен алып кетудің екі оқиғасы тіркеліпті. Омбылық сайттың жазуынша, әйелдерді күшпен әкеткендер оларды екі тәулік бойы досының үйінде аяусыз зорлаған.
«Осы оқиғадан кейін ізін ала қаладағы көппәтерлі бір үйдің кіреберісінде зорланған екі әйелдің жағдайы туралы мәлім болды. Белгісіз еркектер екі баланың анасын зорлап кеткен» деп жазады «СуперОмск» сайты.
Таяуда ғана Омбы қаласы мэріне үміткер Дмитрий ПЕРЕВАЛЬСКИЙ өз қаласының демографиялық ахуалын шешу үшін Қазақстаннан ер-азаматтар әкелуді, сөйтіп оларды омбылық қыз-келіншектермен таныстыру мәселесін қарастыруды ұсынған болатын. Перевальскийдің бұл сөздері сол тұста қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылардың қызу талқысына түскен еді.
Үміткер мэрдің бұл ұсынысы омбылық еркектердің де сауырына қамшы салды ма екен, олар өздеріндегі демографиялық проблеманы шешудің басқаша «жолын» таңдаған сыңайлы.
Фото: alkogolu.net