Қаз   Рус

Өнер мен мәдениет саласындағы жемқорлыққа қарсы концерт

2491 қаралды
0
Қанат ТІЛЕУХАН
Среда, 07 Фев 2018, 09:00

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің дерегінше өнер адамдарының қылмысы көбейіп барады

Актерлар өнер мен мәдениеттегі жемқорлыққа қарсы. Маңғыстау облысына осындай бастама аясында Ғазиза ЖҰБАНОВА атындағы Ақтөбе облыстық филормония құрамындағы «Екі езу» театры гастрольдік сапарға шықпақ. Бұл сапар бес күнге жалғасады.

Оқи отырыңыз
Рухани жаңғырудан жарыс

Шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қолдауымен болады. Концерт: «Өнер мен мәдениетте жемқорлыққа орын жоқ» деп аталады.

«Екі езу» сатира театрының көркемдік жетекшісі Нұрлыбек ЖҰБАТҚАННЫҢ айтуынша, бұндай идея белгілі актерлар Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВ пен Ерлан БІЛӘЛ істі болғанан кейін келмеген.

2012 жылы Ақтөбедегі Т. АХТАНОВ атындағы театр есепшісі 1,5 миллион теңгені бейберекет жұмсап, сол кездегі басшы Жеңісбек ҚАЛҚАБЕКОВ қызметтен кеткенде осы тақырып ойландырды дейді.

- Облыстық театр басшысы қызметінен кеткесін,директор болып мен тағайындалдым. Сол кезде осы мәселе мені толғандырды. Ол кезде де өнер мен мәдениет саласындағы жемқорлық жайлы еститінбіз. Бірақ олар соңғы оқиғалардай қоғамдық сілкініс тудырмады. 2013 жылы жемқорлықтың өнер адамдарының ауылына соғатынын сездім. Алғаш «Командос» деген комедия жазып, оны сахналадым, - дейді Нұрлыбек Жұбатқан.

Театрдың концерттік бағдарламасы бір жарым сағаттық екен. Барлық интермедиялар жемқорлық тақырыбына арналған.Осы тақырыпта музыкалық шығармаларда айтылады. Актер соңғы кездері өнер саласында жемқорлықтың қанат жаюы қалыпты дүниеге айналып кеткені жанды ауыртады. Біз өз бағдарламамыз арқылы сол қылмыстардың алдын алсақ дейді.

- Тұңғышбай ағаның өнеріне тәнті болып өстік. Біздің талай кештерімізге келген. Ерланды да жақсы білеміз. Бір өнердің пұшпағын илеп жүрміз ғой. Олардың басындағы жағдай жүректі ауыртты. Бұл қиын жағдай. Көптеген адамдар өнер иелеріне еліктейді ғой. Мен өз басым 20 жыл театр басшылығында болдым. Негізі өнер адамына шаруашылық пен өнерді қатар алып жүру қиын. Шығармашылық адамы тек өнермен айналысқаны жөн ғой, - дейді «Екі езу» театрының көркемдік жетекшісі.

Жалпы, өнер және мәдениет саласында жемқорлық фактілері жыл сайын өсіп келе жатыр. 2016 жылы бұл саладағы 12 лауазымдық қызметтегі адам сотталса, 2017 жылдың бірінші тоқсанында алты адам істі болған. Көбіне бюджет қаражатын талан-таражға салу фактілері кездеседі екен.

Бұндай ақпаратты ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик ШПЕКБАЕВ таратқан болатын.

Фото: Facebook.com.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы врачи ГКБ №7 полностью реабилитировали пациента после тяжелейшей травмы таза и мочеполовой системы
- Больше похоже на PR-акцию чем на правду. Обычно в ГКБ-7, как и в других больницах, редкостные с... Меня пару раз привозили туда при острых приступах воспаления поджелудочной. Могли бы просто прокапать, но каждый раз делали кучу анализов, потом отправляли подальше. Один раз даже в инфекционную... Каждый раз там в приемной куча больных ором орет от равнодушия врачей...
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)