Қаз   Рус

Өлілердің тізіміне енген зейнеткер

1154 қаралды
0
Әйгерім ЖЕТПІСОВА
Среда, 14 Фев 2018, 21:30

Павлодар облысында өлілердің тізіміне еніп кеткен тұрғын зейнетақысын ала алмай дал

69 жастағы Бадиғаш ӘБІЛДИНОВА Павлодар облысы, Ақсу ауданы, Сарышығанақ ауылының тұрғыны. Осыдан тура он жыл бұрын зейнеткерлікке шыққан ол жақында өзінің бақилық болғанын естіп білгенде жағасын ұстапты. Мұны елді-мекендегі пошта қызметкерлері жеткізген.

Оқи отырыңыз
Павлодарда қоқыстан табылған баланың беті бері қарады

Осылайша айлық зейнетақысын ала алмаған ол жергілікті әкімдік пен халыққа қызмет көрсету орталығына жауап іздеп барған. Бірақ, мұнысынан ештеңе шықпапты.

- Апа, сіз өлген адамдардың қатарындасыз дегенде шошып кеттім. Мен тірімін ғой, деп құжатымды көрсеттім. Өлген азаматтарды тізімге енгізу үшін ауруханадан анықтама тағы басқа құжаттар керек қой. Мен ол тізімге қалай кіріп кеткенімді ұқпадым. Сұрап барған мекемелерден дұрыс жауап берген ешкім жоқ. Сандалып жүрмін қартайған шағымда, - дейді Бадиғаш Әбілдинова.

Жуырда инсульт алып ауруханадан үйге оралған зейнеткер бұл уайымнан соң тағы сырқаттанып қалған екен. Елді-мекенге жеткен балалары болса анасын осы күйге түсірген жергілікті билік өкілдеріне ашулы.

Бүгін, 14 ақпанда облыс орталығына келген қарияның өзі халыққа қызмет көрсету орталығына барды. Зейнеткерді тірілердің тізімінен тапқан ондағы мамандар мекенжай анықтамасын шығарып бергеннен өзге ештеңе істей алмады. Олқылықтың қайдан кеткенін жергілікті зейнетақы қорының қызметкерлері де ұға алмай отыр.

Оқи отырыңыз
Бірнеше жыл жалған ішімдік жасап келген топ сотталды

- 9 ақпан күні бұл азаматшаға ақша есептеліп, поштамен арқылы берілуі тиіс еді. Біздегі ақпарат бойынша бұл кісі тірілердің тізімінде тұр. Бұған қоса, тұрғылықты мекенжайы да өзгермеген. Бізден ешқандай қателік болмаған, - дейді Павлодар облысы «Ведомствоаралық әлеуметтік төлемдерді есептеу орталығы» департамент директорының орынбасары Татьяна ЛУКАШОВА.

Ал бастапқыда ат тонын ала қашқан пошта өкілдері кейін хабарласып, жүйенің бұзылғанын жеткізді. Осыған байланысты зейнеткер өлілер тізіміне еніп кеткен көрінеді. Қарияға зейнетақы бүгін төленеді деп сендірген олар бәріне жүйе кінәлі деп ақталуда.

Айта кетерлігі, 69 жастағы Бадиғаш Әбілдинова 43 жыл өмірін ұстаздыққа арнаған. Бес баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген екен. Бір аптаға жуық сандалған оның бүгін де қан қысымы көтеріліп, ол ауруханаға аттанды.

Фото автордікі.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!