Қаз   Рус

Әлеуметтік желіде абай болыңыз!

627 қаралды
0
Әйгерім ЖЕТПІСОВА
Вторник, 09 Янв 2018, 13:00

Павлодар облысында қыздардың жүрегін жаралап, алаяқтық жасаған жігіт іздеуде

Павлодар полициясы екібастұздық Салық ҚАҒБАТОЛЛА  есімді азаматқа іздеу салады. 25 жастағы жігіт әлеуметтік желілер арқылы қылмыс жасаған. Ол желілерде жас қыздармен танысып, жүректерін жаулап алған.

Оқи отырыңыз
Шыршаның ақшасы қайда кетті?

2017 жылдың желтоқсан айында бір қызбен виртуалды түрде танысып, артынша үйіне қонаққа барған. Әңгіме барысында өзінің анасына қатысты ойдан шығарылған қайғылы оқиғаны баяндап беріп, бойжеткеннің аяныш сезімдерін оятыпты. Қолайлы сәт туғанда «әртіс» жігіт қыздың ұялы телефоны мен ақшасын ұрлап кетіпті. Бірақ, алаяқ мұнымен шектелмеген.

Келесі құрбанымен де дәл солай желі арқылы танысыпты. Тіпті, бойжеткенге «тұрмысқа шықшы» деп  ұсыныс жасаған. Бақыттан басы айналған жас қыз бірден келісімін беріпті. Бұдан соң айлакер қалыңдығына той жасау үшін ақша керек екенін айтып, несие алуға үгіттеген. Ақыры дегеніне жеткен «күйеу жігіт» ақшаны қалтасына басап, ізін суытқан. Қазір осы дәйекке қатысты «Ұрлық» және «Алаяқтық» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тәртіп сақшылары көпшілікті 25 жастағы Салық Қағбатолланың алдауына түсіп қалмауға шақырады.  

- Егер сізге күдіктінің тұрғылықты жері белгілі болса, немесе оның  іс-әрекетінен біреу жапа шексе,  Екібастұз қаласы ІІБ кезекші бөлімінің 102, 8 (7187) 75-06-06 телефондарына қоңырау шалыңыз немесе whatsapp-тың мына +77077004056 хабарлама жазыңыз, - делінген Павлодар облысы ІІД баспасөз хабарламасында.

Пысықайдың сондай-ақ «Каба» деген лақап атқа ие екенін айта кетейік. Егер ол ұсталынған жағдайда, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Фото әлеуметтік желілерлен алынды.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.