Ауа-райы қолайсыздығынан қалада оқыс оқиғалар көбейген
Бүгін Қарағандыдағы Бейбітшілік даңғылы бойында бейтаныс адамның денесі табылған болатын. Оқиға таңертең сағат 9 шамасында орын алған. Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі жетекшісі Бақытжан ҚҰДИЯРОВТЫҢ мәліметінше, әйел адам құлап қалған.
«Полицейлер жедел жәрдемді шақыртып үлгерген, алайда, 52 жастағы қала тұрғыны дәрігерлер жеткенше көз жұмған. Қазір әйел туралы басқа мағлұматтар анықталуда».
Айта кетейік, кешеден бері ауы-райының құбылып өзгеруіне байланысты қаладағы Мақажанов атындағы ауруханаға әртүрлі жарақаттармен түскен науқастар саны көбейген.
«Түннен бері түскен науқастардың саны азаймай, керісінше, ұлғайып жатыр. Мұның барлығы ауа-райының қолайсыздығына байланысты. Көлік апатынан зардап шеккендер әдеттегіден 5 есе көп болса, адам саны 3 есе көбейген», дейді Боранқұл МАХИН, аурухана ота бөлімінің жетекшісі.
Қарағанды облыстық Төтенше жағдай департаментінің өкілдерінің хабарлауынша, қазір өңірдің төрт бағыты бойынша тас жолдар жабылулы.
«Желтоқсанның 25-28 аралығында қардың еріп, арты 20 м/сек жел есетіні жайлы құлағдар етілді. Сонымен қатар, жоғары вольттық техникаларды қолдануда абай болуларын сұраймыз», деп ескертеді департамент басшысы Ибрахим ҚҮЛШІМБАЕВ.