Қаз   Рус

Көкшетауда қыстың күні құмырсқалар қаптаған

203 қаралды
0
Ерболат АСЫЛБЕКОВ
Четверг, 04 Янв 2018, 18:30

Қаладағы көп қабатты үйлерде жарғаққанатты жәндіктер қаптап кеткен

Көкшетауда қыстың қақаған аязында тұрғындарға қызыл құмырсқалар тұрғындарды әбігерге салуда. Жәндіктер "Көктем" шағын ауданындағы тұрғын үй мен Куйбышев көшесі 37, Кенесары 11 мекен жайларында қаптап кеткен. Олармен күресудің тиімді жолын таба алмаған кейбір тұрғындар, тіпті, пәтерлерін сатып, көшіп кетуге мәжбүр болыпты. Жарғаққанаттылар, әсіресе, ас үй мен жуынатын бөлмеде көп кездеседі екен.

«Бұрын күріш, макарон сынды азық-түліктерді көбірек алып қоятынмын. Қазір аз-аздап алатын болдым. Өйткені, құмырсқалар олардың да ішіне кіріп кетеді. Көршілердің барлығы құмырсқалардан зардап шегіп отыр. Осы үйдегі пәтерлердің барлығында бар», - дейді Куйбышев 37 үйдің тұрғыны Нина МНАЛИНОВА.

Көкшетаулықтардың құмырсқалар «шайқасы» бірнеше жыл бұрын басталыпты. Сан түрлі улы затты сатып алғанымен жәндіктерден құтыла алмапты. Ақыры аралап кетпесін деп азық-түліктерін жасыруға көшіпті. Жергілікті билік өкілдері бұл проблемадан хабардар екен. Құмырсқалардың алдында қауқарсыз екендіктерін жасырды ма, әйтеуір әкімдіктегілердің пікірінше тазалық болмағандықтан пәтерлер құмырсқаның илеуіне айналған.

"Бұл тазылыққа байланысты. Тазалық болмаған жерде осылай қызыл құмырсқалар қаптайды. "Арна" колледжінің артындағы жатақханада құмырсқалар тіпті көп. Олармен күресу үшін пәтер иелері қаржы жинап, үйге толық дезинфекция жасайтын кәсіпорындарға хабарласу керек," - дейді Көкшетау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Мырзабек МЫРЗАХМЕТОВ.

Көкше жұрты түрлі мекемелерге шағымданғанымен ешкім де құмырсқалардың арқаның аязында қайдан келетінін табар емес.  "Шатырдағы өлген құстардың кесірінен көбейді," - деп топшылайды кейбір тұрғындар.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.