Қаз   Рус

Ислам Кәрімовтің немересі Ұлыбританиядан саяси баспана сұрады

2043 қаралды
0
Ратель
Пятница, 02 Фев 2018, 14:15

Ол шешесінің үстінен қылмыстық іс қозғалғалы бері Лондонда тұрып келе жатыр

25-жастағы Ислам КӘРІМОВ Ұлыбритания үкіметінен саяси баспана сұрады. Бұл туралы «Би-би-си» телекомпаниясының өзбек қызметіне сілтеме жасап  Lenta.ru сайты хабарлады. Британиялық телеарна Өзбекстанның бұрыңғы президенті немересінің адвокатынан сұхбат алған. Адвокаттың айтуынша, кіші Ислам Кәрімов Ұлыбритания билігіне өтінішін былтырғы жылдың желтоқсан айында білдірген.

Оқи отырыңыз
Жемқорлар қай салада көп

Ал Исламның өзі анасы Гүлнар КӘРІМОВАНЫҢ өмірінде маңызды өзгеріс болғанын айтады.

 «Әзірге құпия ретінде сақталып отыр. Алайда, маған жеткен ақпарат бойынша ол жуық арады белгілі болады. Бұл тіпті ақылға қонбайтын дүние. Ақыл есі дұрыс адамға мұндайды елестетудің өзі мүмкін емес», — депті жас Кәрімов.

«Би-би-си»-дің хабарлауынша, адвокат экс-президенттің немересіне АҚШ-нан баспана сұрайды ұсыныпты. Алайда, жас жігіттің таңдауы Ұлыбританияға түскен. Ислам Абдуғаниұлының үлкен немересі Өзбекстанда шешесінің үстінен қылмыстық іс қозғалғаннан бері Лонданда тұрып келе жатыр.

Бас прокуратура бұрыңғы өзбек басшысының қызына  "алаяқтық", "шетелдік валютаны жасыру", "кеден заңын бұзу" және "қылмыстық жолмен алынған табыстарын заңдастыру" баптары бойынша айыпталған болатын.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, Гүлнар Исламқызы мемлекетке 2 млрд долларға жуық зиян келтірген.

2017 жылдың тамыз айында кіші Кәрімов  мемлекеттің жаңа басшылығын әшкерелейтін мәліметтер жариялайтынын мәлімдеген еді. Оның пікірінше, анасының үстінен қозғалған қылмыстық іс қолдан ұйымдастырылған.

Марқұм Ислам Кәрімов 1991 жылы Өзбекстан президенті болған еді. 2016 жылы 27 тамызда миына қан кетіп ауруханаға түсіп, 2 қыркүйек күні дүниеден озды. Сол кезде президентке қатысты қарама-қайшы түрлі ақпарттар тараған. БАҚ-ның өкілдері өзбек билігінен президент жағдайын халықтан жасырмай айтуды сұраған еді.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы врачи ГКБ №7 полностью реабилитировали пациента после тяжелейшей травмы таза и мочеполовой системы
- Больше похоже на PR-акцию чем на правду. Обычно в ГКБ-7, как и в других больницах, редкостные с... Меня пару раз привозили туда при острых приступах воспаления поджелудочной. Могли бы просто прокапать, но каждый раз делали кучу анализов, потом отправляли подальше. Один раз даже в инфекционную... Каждый раз там в приемной куча больных ором орет от равнодушия врачей...
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)