Қаз   Рус

Instagram жұлдыздарының өтіріктері

169 қаралды
0
Марат АҚЖАРОВ
Вторник, 16 Янв 2018, 11:30

Отандық шоу бизнес өкілдерінің желідегі оқырмандар саны шындыққа жанаса ма?

Оқырмандар саны көп болған сайын "жұлдыздардың" беделі мен қаламақысы өсетіні белгілі. Бүгінде миллиондаған инста оқырмандары бар жұлдыздар көшін Баян АЛАГӨЗОВА - 2,8 млн және Аша МАТАЙ - 2,5 млн бастап тұр. Олар танымалдығымен бірге желіде инста-бизнестерін де қатар алып жүретін көрінеді. Мысалы, Баян парақшасына жарнамалық пост жариялау үшін 1 миллион теңге алады деседі. 

Ал біз өз кезегімізде, танымал адамдардың Instagram парақшаларын ақтарып, көрсетілген оқырмандар саны қаншалықты шындыққа сәйкес екендігін анықтап көрдік.

 

Еліміздің басты ньюсмейкері, продюсер Баян Есентаева (жақында Алагөзова атанған) 2,8 миллионға тең аудиториясы бар. Бұл қазіргі таңда Қазақстанда ең танымал парақша. Бірақ, бізді мазалаған сұрақ басқа.

Дененің кемшіліктерін жасыратын корсетті жарнамалаған Баянның бұл жарнамалық видеопосты көріп отырғанымыздай 138 310 қаралым жинаған.

Ары қарай кеттік.

Мұнда біз 70 601 лүпіл санын көрудеміз, яғни аталмыш посттың потенциалды қаралым саны осы жарнамалық видеопосттағыдай 130 мыңның айналасындағы санды құрайды. 

Қызықтың бәрі алда. Көріп отырғанымыздай, Carolina Herrera фирмасының аяқ киіміне арналған бұл жарнамалық пост, неге екені азғантай «лүпіл» жинаған. Енді, қарама-қайшылықтарға назар аударыңыздар.

Мәселен, Түрсен Алагозөвпен ресми некелесуі туралы жаңалық 800 мыңнан аса рет қаралған.  

Ал енді, 2,5 миллион оқырманы бар, еліміздегі инстаграм-жұлдыздардың үштігіне кіретін актриса және тележүргізуші Аша Матайдың парақшасына көшейік.

 

Оның парақшасында қандай қызықтар бар екен?

Мұндай қомақты аудиторияға ие бола отырып, жарнамалық посттары 4 мыңнан сәл асатын "лайк" жинайтыны қызық екен. Ал келесі жазбасында Аша, танымалдылығы өзінен кем түспейтін жары Арман ҚОҢЫРБАЕВПЕН бірге жасаған жарнамасы 16 мың лүпіл ғана жинаған. Instagram-миллионері үшін бұл таңғаларлық жағдай десе де болады.

Егер оның видеожазбалары 200 мыңға жуық рет қаралса, оның суретпен қарапайым посты 27 мың лүпіл жинайды. Әлде, Ашаның оқырмандарының басым көпшілігі аса белсенді емес пе екен деген ой келеді. Сөз соңында, Баян Мақсатқызының танымал қызы ел ішінде "алтын" қыз атанып кеткен, Айсауле БАҚЫТБЕКТІҢ Instagram-ына көз жүгіртейік.

Аша Матаймен салыстырғанда оқырмандары 2 есе аз болса да, қаралым мен лүпіл сандары бойынша одан кем түспейді.

 

Айсәуленің "лүпілдерінің" тұрақты саны 20 мен 25 мың арасында. Мысалы, Лос-Анджелестен Алматыға ұшатын рейсті қалай өткізіп алғандығы туралы посты жарты сағаттың ішінде 7 мың лүпілге ие болған.  

Қорытындылай келгенде, қызықты көрініске куә болып отырмыз. Жұлдыздың танымалдылығы оқырмандар санымен өлшенбейтін болып шықты.

 Атын жасыруды жөн көрген SММ-дамыту бойынша еліміздегі танымал маманның айтуы бойынша, кейбір жұлдыздар оған парақшасының ісін жүргізу үшін "боттарды", яғни жалған оқырмандарды тіркету бойынша көмек сұрайды екен. Кез-келген адам Google-дан «инстадағы тіркелушілерді қосу» деп теріп, QIWI-кошелек арқылы сол боттарға тапсырыс бере алады. Ал олар, әлемнің кез келген жерінен болуы мүмкін.

Бірақ олай заңды түрде де жасауға болады. SММ маманының айтуынша, Instagram-да ақылы жарнама қызметі бар. Сіз ол жерге тапсырыс берсеңіз, әлеуметтік желіңіздің өзі сізге қызықты парақша ретінде адамдарды шақыратын болады. 

- Бірақ, Сіз инстада ресми жарнама жариялаған күннің өзінде, бір күнде мың адам жинай алатындығыңызға ешкім кепілдік бере алмайды. Барлығы сіздің контентіңізге байланысты. Сондықтан бұл тәсіл тиімсіздеу болса да,  жай ғана сізге жазылып, тым-тырыс отырып, не лүпіл қоймайтын, не репост жасамайтын боттарға қарағанда тиімдірек, - дейді маман.   

Біз қандай да бір тұжырымдама жасаудан аулақпыз, бірақ келтірілген мәліметтер неше түрлі сұрақтар туғызатыны анық. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!