Қайрат Мәми Астанада Иманғали Тасмағамбетовпен және Төлеген Мұхамеджановпен бір пәтерде қалай тұрғанын еске алды
ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Қайрат МӘМИ ел астанасын ауыстыру кезінде Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВПЕН және Төлеген МҰХАМЕДЖАНОВПЕН бір пәтерде қалай тұрғанын еске түсіреді. ҚР Президентінің Телерадиокешені «Основание Астаны: Передислокация» атты жаңа деректі фильмнің жарыққа шығатынын жариялаған болатын.
Деректі фильмнің Фейсбукте жарияланған шағын бөлігінде Қайрат Мәми елорда ауысқан алғашқы жылдар туралы естелігімен бөліседі. «Айта кетерлігі, біздің бәріміз де ішпейтін адамдармыз. Алып бара жатқан көңіл көтерулер болмайтын. Шығармашыл екі адаммен бірге тұрып, жолым болды. Төлеген Мұхамеджанов рояльде отырып, өзі жазған туындыларын орындап отыратын. Иманғали гитарада ән айтатын. Көп жағдайда мен тыңдарман едім», - дейді Қайрат Мәми фильмнің авторына берген сұхбатында. Сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ қалайша Астананың шетінде батпақ кешкізіп қойғанын еске алды.
Дереккөз: «ҚазАқпарат»
Фото: ҚазАқпарат