Қаз   Рус

«Бәрі жақсы болады», депті Елбасы Ерке Есмаханға

625 қаралды
0
Динар ҚАМИЛҚЫЗЫ
Суббота, 30 Дек 2017, 14:00

«Жұлдызды» Instagram жаңалықтары

@erke_esmahan Ләйла ханым Астана әкімі ұйымдастыратын президент балының кереметін айтып, аузының суы құрып отырғанда, әнші Ерке ЕСМАХАН оған қатысып, ән салғанын мақтан тұтты.

«Жылдың ең басты жаңажылдық кеші «Президент балына» қатысып шықтым. Жерді сызып өтетін әсем көйлек киген арулар, күндегіден әдемі болып жүрген ер-азаматтардың бәрі осы кеште екен. Елбасының алдында ән айту - әнші үшін үлкен мәртебе! Сонымен қоса зарядталып қаласың ғой. 2018 жылға жететіндей толық зарядталдым десем болады. Оның үстіне Елбасы: «Ерке, бәрі жақсы болады »- дегесін» - деп, соңын қалжыңға сүйреген.

@sultankyzy Ел арасынан «жаңа жыл мерекесі жылдан жылға ұмыт бола бастады» деген пікірді жиі естіп жүрміз. Алайда, аста-төк дастархан жайылған той-томалақтан  қолы босамайтын  шоу-бизнес өкілдері үшін бұл мереке жыл өткен сайын  ерекшелене түсетін көрінеді.

Мәселен, Ләйла  СҰЛТАНҚЫЗЫНЫҢ айтуынша, жаңа жылды тойлайтындар қатары жылдан жылға көбеймесе, азаймай келе жатыр. Әлеуметтік желіде жазған әңгімесін осылай деп бастаған Ләйла Астанада бұл мерекенің қалай тойланатынын жазды.

«... Астанада міндетті түрде өтетін мына іс-шара ауқымымен, қонағымен тамағымен, әдемі көйлегімен, мазмұнымен, елбасының айтар езутартарымен ерекше. Бал, президенттік бал, қала әкімінің балы қалай атасақ та бұл кешті өз басым ұнатамын. Достарды, сөзің жарасар құрбыларыңды, министрлер мен олардың келіншектерін көресің Керемет!...» деп жазды Ләйла  жеке парақшасында.

@ berkut_gazagstan Өнер әлемінде «Бүркіт» деген лақап атымен таныс Айбек СЕЙІТОВ Тәуелсіздік күніне қарсы ҚР еңбек сіңірген  қайраткері төсбелгісімен марапатталған болатын.  Жуырда Бүркіт осы қуанышын   өнердегі әріптестері арасында дүрілдетіп атап өтті. Бұл кешке Бүркіттің өнердегі әпкесі Мақпал ЖҮНІСОВАДАН бастап, сахнадағы дос-жарандары жаппай құттықтап келді.

Инстаграмдағы парақшасына бұл шарадан қызықты фотосуреттер салған Бүркітті оқырмандарының бірі құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатса, бірі керісінше, сауалдың астына алған.

Komshabaeva 5466 деген атпен тіркелген желі қолданушысы: «Қызық, мұндай үлкен марапатты қандай еңбегіне береді екен.Медальмен бағалау үшін не істеуге болады?  Неліктен дәрігерлер мен мұғалімдер, теміржолшылар және басқа да бюджет жұмыскерлеріне табысталмайды?! Түсініксіз шешім...»  деп орыс тілінде өз ойын білдірген. Көлденең келген сауал көкейін кернеді ме, Бүркіт те көп күттірмей жауап берді. «Егер сізге қызық болса айтайын, менің әрбір  мектеп қабырғаларында балалар айтатын «Туған жер», «Мекенім Қазақстан» әнім үшін беріліп отыр. Егер қолыңыздан келсе, сіз де осындай  әндер жазыңыз. Сол кезде сізге де медаль беруі мүмкін » - деп, оқырманның өзіне шүйлікті.

@azamatc Театр мен киноның арасында шапқылап жүретін Азамат САТЫБАЛДЫ инстаграм бетіне қоғам жайлы ойларын үнемі жазып жүреді. Өнер мен мәдениеттен өзге адамгершілік, адалдық жайында тұщымды ой айтатын  Азаматты көрермендері басқа қырынан танып, таңданыс тудырып жататыны бар. Жуырда актер:«Жапон еліне соғыстан кейін Американың бомбалауынан жаппай қиратылып, мемлекеттің оккупацияға алынып, аралда табиғи ресурстардың жоқ болуына қарамастан дамыған державалардың бірінші үштігіне қалай енді?»-  деп,  белгілі шығыстанушы Всеволод ОВЧИННИКОВТЫҢ атақты цитатасынан мысал келтірген. Соңырсын бұл жазбасының жалғасы ретінде осы сауалға  өзі жауап береді.  Азамат Жапон елінің жай-жапсарын біздегі  ел тізгінін ұстағандардың әрекетімен  салыстырса керек. «Өйткені олар жұмыс жайында есеп бермейді, жұмысты істейді. Жауап табу қиын емес. Бізге олардан көп дүниені үйренуіміз қажет. Ештеңе етпейді, бұйырса қуып жетеміз »- деп,  соңынан көтерген мәселесін жылы жапқан.

Фото: Instagram.соm

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера