Қаз   Рус

«Бергей, кел», - дегенге келе ме?

786 қаралды
0
Ратель
Понедельник, 26 Фев 2018, 12:00

Экс-әкімді Астана шақырғанымен, Лондон жібермейді

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысының бұрыңғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ пен оның ағасы экс-депутат Аманжан РЫСҚАЛИ және оның сыбайластарын Астанаға тереуге шақырды.

Оқи отырыңыз
Жұмыс істеу үшін де пара беру керек

Бұндай ақпаратты аталған ведомстваның баспасөз қызметі 24 ақпан күні таратты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Атырау облысының бұрынғы әкімі Рысқалиев Б.С., Рысқали А.С., ӘЛБАҚАСОВ Р.С. және басқаларға қатысты қылмыстық істі тексеріп жатыр. Материалдар күдіктілердің құқыққа қайшы әрекеттерін: Қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану, мемлекет мүлкін және бюджет қаражаттарын өз иелігіне өткізу және алаяқтық жолымен жымқыру, пара алу деп бағалауға негіз болады», - делінген мәлімдемеде.

Алайда,  Астананы ңшақыртуына ағайынды Рысқалиевтар келе алмайды. Ол туралы қоғамдық белсенді Серікжан МӘМБЕТАЛИН Facebook.com әлеуметтік желісінде жазды. Оның жазуынша атыраулық  экс-әкім Лондонда  сакяси қашқын статусын алған. Ұлыбританияның заңына сәйкес ол Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің шақыртуын ала алмайды.

Ағайынды Рысқалиевтар 2012 жылы өз еріктерімен қызметтерінен кеткен болатын. Арада біраз уақыт өткенде оларға іздеу салынып, 2014 жылы «Рысқалиев құрған Қылмыстық топқа» қатысты сот үкімі шықты. Жемқорлық бойынша айыпталған 22 адамның 15 сотталған еді. Бұл Рысқалиевтың өзіне қозғалған істен бөлек болатын. Ел ішінде із түссіз жоғалып кеткен ағайындылар туралы түрі қаусеттер де тарады. Олар өліп қалыпты деген ақпарат та шыққан.

Серікжан Мәмбеталинның хабарлауынша  Бергей Сәулебайұлы дін аман екен. Жуырда Лондонда кездейсоқ кездесіп қалыпты.

«Бергей əкім болып тағайындалуының алдында салық декларациясын жариялап, бай бизнесмен болғанын дәлелдеді. Ол иемденген зауыттар, мұнай кен орындары және дүкен желілерінің құны – 150 миллион АҚШ долларына жуық. Атырауда əкім болған кезінде мен Лондонда өмір сүрдім. Бірақ, жергілікті тұрғындардың айтуынша, ол кісі жұмысын адал және тиімді атқарған», - деп жазды Серікжан Мәмбеталин.

Бергей Рысқалиевтың кінәлі не, кінәлі еместігін тәуелсіз сот қана шеше алады. Алайда, қазақстанда тәуелсіз сот жоқ деп Мәмбеталин мырза өз жазбасын аяқтапты.

Күдіктілер шет елде  болғандықтан, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚПК 205-бабы 3-бөлігіне сәйкес, оларды бұқаралық ақпарат құралдарында шақырып отыр.Енді күдіктілер Рысқалиев Б.С, Рысқали А.С., Әлбақасов Р.С., ЖЕЛДІБАЕВ М.Ж., ІЗБАСАР Е.Ө., СҮЛЕЙМЕНОВ А.С., ЖОЛМАҒАМБЕТОВ Н.К., ТЕМІРӘЛИН Б.Б. және ДӘНҰЛЫ А.Г. 2018 жылғы 2 наурыз күні 10:00-ге дейін тергеу амалдарына қатысу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 37-үйде орналасқан әкімшілік ғимаратына келуі тиіс.

Бұған дейін де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сырттағы экс-шенеуніктерді осылай шақыртқан. Олар Мұхтар ӘБЛЯЗОВ, Виктор ХРАПУНОВ.Әзірге қазақстандық бірде-бір қашқын шенеуніктер ресми Астананың шақыртуын қабыл алмай жүр. 

Фото: azh.kz, Facebook.com.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.