Жалпы, қазақстандықтар биыл он негізгі өнім түрлерінің ішінде жетеуін көбірек тұтына бастаған
Қазақстан тұрғындары 2017 жылы ет пен картопты пайдалануды азайтты, деп хабарлайды FinProm.kz сарапшылары.
Жалпы, қазақстандықтар биыл он негізгі өнім түрлерінің ішінде жетеуін көбірек тұтына бастаған. Дәлірек айтсақ, 3-ші тоқсандықта жеміс-жидекті былтырғы жылмен салыстырғанда 4,8 пайызға артық сатып алыпты. Ал жұмыртқа пайдалану көлемі 3,4 пайызға, тәтті тағамдар — 2 пайызға, нан тағамдары мен дәнді-дақылды өнімдер — 1,9 пайызға, балық пен теңіз өнімдері — 0,7 пайызға көбейген.
Бір қызығы, картоп тұтыну көлемі күрт азайып кеткен екен, яғни 2016 жылмен салыстырғанда 4,2 пайызға төмендеген. Сүт өнімдерін сатып алу көлемі 1 пайызға, ет өнімдері — 0,5 пайызға азайған.
Дереккөз: Sputniknews.kz
Фото: tengrinews.kz