Қаз   Рус

Қазақстанда тағы бір Назарбаев даңғылы пайда болады

149 қаралды
0
Ратель
Среда, 10 Янв 2018, 16:15

Шымкентте Астана даңғылын Елбасы есіміне ауыстыруды маслихат депутаттары бірауыздан қолдады

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Жиынның күн тәртібінде 6 мәселе қаралды. Басқосуға облыс әкімі Ж.ТҮЙМЕБАЕВ, облыстық мәслихат хатшысы Қ.БАЛАБИЕВ, облыстық мәслихат депутаттары, қала және аудан әкімдері, облыстық, аумақтық департамент, басқарма басшылары қатысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Оқи отырыңыз
Алматыда Фурманов көшесі Назарбаев даңғылына айналды

Сессияның жұмысын облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Д. ӘБІШ жүргізіп отырды.

Бірінші кезекте халық қалаулылары облыстық маслихаттың «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу жайын талқылады. Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман СӘБИТОВ баяндама жасады.

Сондай-ақ, сессия барысында облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу мәселесі де қаралды.

Сессияда «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.

Күн тәртібінде «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы» мәселе бойынша облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Қанат ТӨЛЕНДИЕВ сөз алып, марапатталатындардың есімдерін атады.

Мұнан соң баяндама жасаған облыстық мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Өмірзақ МЕЛДЕХАНОВ облыстың әкімшілік-іскерлік орталығы орналасқан Астана даңғылын еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен атауды ұсынды. Халық қалаулысының бұл ұсынысын маслихат депутаттары бірауыздан қолдады.

Сессияны қорытындылаған облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Елбасымыз биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында аталған негізгі 10 бағыт бойынша атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталды.

Өңір басшысы 2018 жылы облыстық бюджет көлемі 504,6 млрд. теңгеге ұлғайып отырғанын да жеткізді. Ол сондай-ақ, биылғы жылы ауыл шаруашылығын субсидиялауға және микрокредиттеуге 6,8 млрд. теңге қарастырылып отырғанын мәлімдеді.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!