Қаз   Рус

Қазақ жігіттері Ресейде ерекше сұранысқа ие

449 қаралды
0
РАТЕЛЬ
Вторник, 14 Ноя 2017, 12:45

Омбы қаласының мэрі болуға үміткер Дмитрий Перевальский өз қаласындағы демографиялық мәселені шешу үшін Қазақстаннан ер-азаматтар әкелуді ұсынды

Омбы қаласының мэрі болуға үміткер Дмитрий ПЕРЕВАЛЬСКИЙ  осы қаладағы туу көрсеткішін арттырудың жолын ұсынды. Ол Қазақстаннан ер-азаматтарды әкеліп, омбылық қыз-келіншектермен таныстыруға жағдай жасау керек дейді. Бұл туралы «СуперОмск» сайты хабарлады. Перевальский қазақстандық еркектер Омбы қаласындағы туу көрсеткішіне мықты ықпал жасайтынына нық сенімді.

Читайте также
Шенеуніктер біздің ақшамызбен білгендерін жасап отыр

«Жастарға отбасын қалай құру жолын үйрету керек. Олар отбасын қалай дұрыс құруды білмейді. Солтүстік Қазақстанда Омбыға көшкісі келетін ер-азаматтар көп.  Осыған орай, шенеуніктер арнайы курстар, жастар лагері мен би кештерін ұйымдастырып, біздің қыздарды қазақ жігіттерімен таныстыру қажет», – дейді ол.

Қала мэрі болуға үміткер Перевальский омбылық қыз-келіншектердің теңін таппай жалғызсырап жүргеніне жаны ауыратынын жасырмайды. Өз қаласында жібі түзу еркектердің аздығын алға тартқан ол омбылық ерлердің біразы түрмеде, біразы вахталық жұмыста, ал қалғандары алқаштар, нашақорлар және арамтамақтар деп ағынан жарылды.

Қазақстандық әлеуметтік желілерде Перевальскийдің бұл ұсынысы қызу талқыға түсті. «Ресейлік шенеунік айтты екен деп, жігіттерімізді Омбыға жібере алмаймыз» деп тулаған келіншектерге басу айтып, сабырға шақырған жігіттер жағы: «Көршімізге көмек бергенде тұрған ештеңе жоқ қой» десті.

Кейбір қыз-келіншектерге Перевальскийдің пайымы ұнаса керек, «мейлі, қаласының туу көрсеткішін арттыруға жігіттерімізді жіберейік. Бірақ тегін емес, әрі төленетін ақысы да жақсы болсын» деген пікір білдіріпті.

Алайда Омбыға қазақ жігіттерін жіберу туралы мәселеге түбегейлі қарсы қыз-жігіттер:«Қыздарымыз қытайдың, ер-азаматтарымыз орыстың жетегіне кетсе, ертеңіміз не болмақ? Омбылықтар өздерінің демографиялық проблемасын өздері шешіп алсын» деп жазды.    

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.