Аймақта коменданттық сағат енгізіледі деген хабар тарады
Instagram желісіндегі EAP_KZ парақшасында белгісіз азамат Атырау облысы Жанбай ауылында түсірілген видеожазбаны жариялаған. Видеотүсірілімде ауылда полиция көлігі және әскери техника қаптаған.
Жазбаның авторы облыста коменданттық сағаттың енгізілгені және ауыл тұрғындарының көшеге шығуына тыйым салынғаны туралы хабарлады.
Осыған орай Ratel.kz Атырау облысы Ішкі істер департаментіне хабарласты. Департамент өкілі облыста коменданттық сағат енгізілбеген деп мәлімдеді. «Жанбай және Исатай ауыл мекендерінде кешенді түрде құқықбұзушылықтың алдын-алу шаралары жүргізілген. Бұрын аталған шаралармен тек аудандық ішкі істер бөлімі айналысса, осы жолы оған жол полициясы және ІІД Балық қорына қылмыстық қол сұғушылық әрекеттерге қарсы күрес бөлімі қосылып, бірігіп жұмыс жасады. Аталған шаралар қаңтар айының 6-7 күндері өткізілген», деді ол.
Фото: azattyq.org