Бүгін арқаның ақтүтек бораны елордалықтарды әбігерге салды
Қала көшелерінде көліктердің жүруі қиындап, көп қабатты үйлердің қабырғалары түсіп, шатырлары ұша бастады. Астана әкімі Әсет ИСЕКЕШЕВ төтенше жағдай жариялады.
«Өрт сөндіру қызметі, жедел медициналық жәрдем, Астана қаласының ІІД, ТЖД, коммуналдық қызметтер сияқты қала тіршілігін қамтамасыз ету мекемелерінен өзге мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, кәсіпкерлік және құрылыс нысандарының басшыларына қызметті уақытша тоқтатуды ұсынамыз», - деп ақпарат таратты Астана қаласының ресми сайты.
Әлеуметтік желілерде түрлі суреттер мен видеоларда салынып жатыр.
Қазір Астанадан шығатын барлық жолдар жабылған. Н. Назарбаев атындағы халықаралық әуежайы да ұшақ рейістерін тоқтатқан. Сондай-ақ, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда, Ақмола облыстарында тас жолдарда жабылғандығы хабарланды.
Фото әлеуметтік желілерден алынды.