Қаз   Рус

Қарағандыда үш жасар қыздың өліміне қатысты жаңа деректер анықталды

1894 қаралды
0
Айман САҒАТАЙ
Среда, 03 Янв 2018, 09:30

Анасы қызының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

Қарағанды ауруханасында көз жұмған 3 жасар Айзере ҚАҚАРМАНОВАНЫҢ ата-анасы қайғылы оқиғаға дәрігерлердің салғырттығы себеп болды деп есептейді.

Оқи отырыңыз
Қарағандыда жылқылар тірідей өртеледі

 «Біз Қарағанды инфекциялық ауруханаға 23 желтоқсанда жөтелмен түстік. 28 желтоқсанда бронхитті емдеп, ауруханадан шығуға дайындалдық. Алайда қызым құса бастады. Дәрігерлер мұны тамақтан уланды деп қорытынды жасап, асқазанын шайды. Ол құсуын тоқтатты, сосын іші өте бастады», - дейді көз жұмған сәбидің анасы Диана ҚАҚАРМАНОВА.

Ем-дом жасалса да баланың қызуы түспей қойған.

«Мен 30 желтоқсан күні қолхат жазып емханадан шығып кеттім. Өйткені дәрігерлердің емі нәтижесіз болды. Алайда дәл сол күні біз жедел жәрдем көлігімен тағы да осы ауруханаға түстік. Өкінішке орай, оны ешкім өлімнен құтқарып қала алмады. Мен бізге көрсетілген медициналық қызметтің қаншалықты сапалы болғандығын білгім келеді», - дейді Диана.

Ал, денсаулық сақтау басқарамасы сараптаманың қорытындысын күтіп отыр.

«Қаңтардың үші күні сараптама өткізіледі. Баланың нақты неден көз жұмғандығы медициналық сараптамадан кейін белгілі болады», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 31 желтоқсанда Қарағанды облыстық инфекциялық ауруханасында үш жасар қыздың жұмбақ жағдайда көз жұмғандығы туралы хабарланған болатын.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера