Тұңғыш президент күні қалада бір топ адам алып ту астында шеп түзеп шеру өткізді
Бүгін Алматыдағы күні кеше НАЗАРБАЕВ даңғылы болып өзгерген көше біраз уақытқа жабылып қалды. Бұл туралы Faceboоk әлеуметтік желі қолданушысы Әсел ЖАНАБАЕВА хабарлады.
«Жерді сатуға қарсы бейбіт түрде митингіге шыққан адамдарды бір кезде полиция жаппай ұстап алып кетіп еді. Ал көлік қозғалысына кедергі келтіріп отырған бір топ адамға полицияның еріп жүру түсініксіз екен», - деп жазды ол өзінің жеке парақшасында.
Ал Мақсат РАМАЗАН есімді тағы бір желі қолданушысы өтіп жатқан шарадан фотолар жариялады. Суретте ондаған адам ҚР алып туының астында Н. Назарбаев даңғылымен әл-Фараби даңғылына шеп түзеп барады.
Әдетте бұндай акцияларды жергілікті билік өкілдері я болмаса «Нұр Отан» партиясы өткізетін. Әзірге шара туралы ресми ақпарат жоқ.