Атышулы блогер елде жалаңаштанудан қысылмайтынын айтты
Атышулы блогер Айжан БАЙЗАҚОВА өзін боқ ауыз сөз айтып, ішіп-шегуінің себебін түсіндірді. Айтуынша, ол мұндай қылықты тек туған жерінде ғана шығарады екен.
«Шетелге шықсам өте тұйық, момын қыз бола қаламын. Ал, Қазақстан мені осындай жаман әдетке жетелеп тұрады», – деп жазды атышулы блогер Айжан БАЙЗАҚОВА өзінің Telegram парақшасында.
Бірақ, бұлай жасауына нақты не нәрсе итермелейтінін ашып айтпады. Десе де, желі қолданушылары оны бұл жазбасына әрқилы пікір қалдырды. Бірі өз елінде бәрі еркінсиді десе, басқасы оның Қазақстанда ғана танымал екенін, сол үшін де басқа елде еркелеуге мүмкіндік жоқ екенін айтты.
"Шетелде бір жеріңе ие боласың ғой. Себебі сен ол жақта ешкім емессің. Ал Қазақстанда жұлдызсың ғой», «Европада сенің ашық денең ешкімді қызықтырмайды» деп айтып тастады Айжанның оқырмандары Instagram желісіндегі оның фан-парақшасында.
Еске сала кетейік, Байзақова 2017 жылдың желтоқсанында 50 мың теңгеге қыз шешіндіргені үшін жұрттың сынына қалды. Кейін әкімшілік тәртіпті бұзды деген айыппен ол 3 күнге қамауға алынды
Фото: Menshealth.kz.