Жұлдыз Әбдікәрімова «жұлдызды» жары Қайраттың концертін жүргізіп жүр
Павлодарда өткен күйеуінің концертін жүргізу барысында қатты толқығанын жасырмаған Жұлдыз ӘБДІКӘРІМОВА: «Мен үшін бүгін ерекше күн. Алланың қалауымен бүгін киелі Кереку жері, Павлодар қаласының үлкен саxнасына шықтым. Концерт жүргізушісі ретінде алғаш жасаған қадамым осы елдің саxнасы болды. Ризамын. Қолдауларыңызға рақмет. Өнер, ән деп соққан жүректеріңіз 100 жасасын. Бүгін толқу, қобалжудың басым болғанын білемін. Алайда, сіздердің жылы лебіз бен ыстық ықыластарыңызға бөленген Қайратымның қолдауын сездім. Ән кештерінде жолыққанша. Аман болыңыздар», – деп жазды өзінің инста-парақшасында.
Алайда көпшілікті бұл концерттен гөрі Жұлдыздың бетіндегі меңі көбірек қызықтырған сияқты. Жұлдыздың әдемілігін ғана емес, әр суретте әртүрлі көрінетін бетіндегі меңіне қаттырақ үңілген инста-оқырмандардың бірі Saulemamurova0: «Жұлдыздың қалы түсіп қалыпты ғой)))» десе, аsemorunbek: «Алынбалы салынбалы шығар», mairagul.abisheva: «Бір суретте меңі сол жағында сияқты еді. Мында оң жағында Қайсысы дұрыс?» дейді.
Осыған дейін Қайрат Нұртас әйелін жасырып келген-ді. Жұлдыз Әбдікәрімова көпшілік алдына «Арман. Періштелер ұйықтағанда» фильмі арқылы шыққаны мәлім. Бастапқыда Жұлдызды жылы қабылдаған қауым келе-келе оның сәт сайын шыға берген фотоларынан жалыға бастады ма, «Қайрат әйелін таныстырмай-ақ тұр екен, инстаграмның бетін жаулап алды ғой» деп сынап тастаған еді.
Айта кетейік, Қайрат пен Жұлдыздың әнсапары бір айға жалғасады.