Қаз   Рус

Қайрат Нұртас музыкалық базадан неге шығып қалды

8116 қаралды
0
Сырым ИТКУЛОВ
Вторник, 06 Фев 2018, 11:45

Apple Music әлемдік мобилді қосымшасында әншінің парақшасы мен әндері жойылған

Apple Music туралы әр IPhone телефон иелері  хабардар. Айыңа 999 тг. тұратын бұл мобилді қосымша арқылы кез-келген адам ұнатқан әнін жүктеп, тыңдауға мүмкіндік алады. Бұл қосымша желіде толып жатқан басқа бағдарламалардан өзгеше. Себебі, Apple Music әр қолданушының ұнататын ән мәнерін анықтап, жоғары интеллектуалды технологиялар арқылы адамның көңіл-күйіне қарай әндер тізімін баптайды.

Дегенмен, 10 миллион әнші тіркелген базада қазақстандық жұлдыздар саусақпен санарлықтай. Солардың қатарында болған Қайрат НҰРТАС жуырда белгісіз себептермен Apple Music-тан жоғалып кетті. Яғни, бір сәтте «Алматының түндерін» тындап жүрген «айфондары» бар мыңдаған қазақстандықтар ондай мүмкіндіктен айырылып қалды.

Біз Apple Music жүйесін зерттеп, танымал әншілердің әндері базадан қандай себептермен шығып қалу мүмкін екенін анықтап көрдік:

  1. Жаңа альбом. Әйгілі әншінің су жаңа әндері ұзақ уақыт бойы қолданушыға қолжетімсіз болуы мүмкін. Алайда әншінің бұрынғы әндері сол қалпында базада сақталып тұра береді. Тізімнен «Алматының түндері» жоғалып кеткенін ескерсек, бұл шарттың Қайрат Нұртасқа қатысы жоқ.
  2.  Саундтрек. Егер белгілі әнші өзінің өлеңдерін кинотуындыларға сүйемелдеме ретінде жіберсе, ол да белгілі бір уақыт бойы Apple Music-тен тысқары қалады. Алайда, әншінің «профайлы» еш жаққа жоғалып кетпейді. Яғни, бұл варианттың да Нұртасқа қатысы жоқ.
  3. Лицензияның аяқталуы. Әнші ресми түрде өзінің әндерін Apple Music жүйесінде жариялауға байланысты шартты созудан бас тартады. Бірақ бұл екіталай, себебі әнші бұл шарт бойынша айтарлықтай қомақты қаржы алып отырады.
  4. Белгісіз себептермен жүйе редакторлары әншіні тізімнен шығарып жібереді. Бұған себеп ретінде сазгердің ән сапасының төменділігі немесе тыңдаушы санынын тым аздығы болуы мүмкін.      

Сонымен, Қайрат Нұртастың халықаралық ән базасынан шығып қалуы неге байланысты? Біз бұл сұраққа жауап іздеп, әншінің ресми өкілімен хабарластық. Жанар ӘЛҒУЖАЕВАНЫҢ сөзінше, бұл жайттан  олар хабардар екен. Алайда, оның себептерін айтуға ол үзілді-кесілді бас тартты.

Айта кетейік, ресми түрде жарияланған мәліметке орай,  Apple Music қызметі қолданушыларының саны 2018 жылда үш есе артып, 20 миллионға жеткен. Бұл базада әлемдік деңгейдегі танымал әншілермен қатар Төреғали ТӨРЕӘЛІ, Ғалымжан МОЛДАНАЗАР, МузАРТ, Ерке ЕСМАХАН cекілді отандық  әншілер де бар. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.