Қаз   Рус

Аяз бизнестің жаңа көзін ашты

1188 қаралды
0
Ерболат АСЫЛБЕКОВ
Пятница, 26 Янв 2018, 09:00

Көкшетауда СТО мен авто жуатын бекеттер түнгі көлік тұрақтарына айналды

Астана сақылдаған сары аяз кәріне мінгенде «Астана Жастары» КММ Жастар ресурстық орталығы мен Астана мешіті қайрымдылық акцияларын қолға алды. Бірі тонып қалған тұрғындарға ыстық шәй берсе, имамдар тегін такси қызметін ұсынды.

Ал Көкшетау қаласында қаңтардың суығы жаңа бизнестің көзін ашты. Қалада қаңтардың 21-күні ауа температурасы тіптен төмендеп кеткенде автожуу орталықтары мен техникалық жөндеу орындары түнгі автотұраққа айналған.

Ratel.kz тілшісі шаһардағы авто жуу орталықтарының біріне арнайы бас сұқты. Әкімгер бір түнде 35 машинаны қабылдайды екен. Түнгі тариф 1000 мың теңге.

- Егер көліктерін күндіз қалдыратындар болса бір жолақты бос қоямыз. Кейбіреулер бұл жерге келіп көліктерін қыздырып алады. Кешкі алтыдан таңғы 9-10-ға дейін қоюға болады. Бір түнге 1000 теңге аламыз, - дейді авто жуу бекетінің әкімгері Владимир ЧИПИЖКО.

1000 теңге осы аптаның алғашқы екі күнінде болған баға. Аяздың сынбай тұрғанын пайдаланған кәсіпкерлер бағаны қазір 2000 теңгеге көтерген. Тұрғындар бағасы қымбат болса да, автотұраққа айналған көлік жөндеу бекеттері мен авто жуу орындарына көліктерін қояды. Өйтпеске амалдары жоқ. Себебі, -30 градустан түспей тұрған сарышұнақ аязда 3-4 сағатқа далада қалған көліктің от алуы екі талай.

- Авто жууға келіп, кешкіге орын алып қоясың. Себебі орын болмай қалады. Алдын күні көлігімді көлік жөндеу орталығында қалдырғанмын. Маған шаруаларымды тыңдыру үшін ертең міндетті түрде көлік қажет. Сондықтан осындай қызмет түріне жүгінесің, - дейді көкшетаулық Марлен Жекебатыр.

Көліктерін жылы жерге түнете алмай аулаға қалдырған жүргізушілер түн ұйқысын төрт бөліп жүр. Сағат сайын көліктерін қыздырып отыруға мәжбүр.

Дизель отыны мен газбен жүретін көліктердің иелері бұл күндері жаяу қалған. Жүргізушілердің көбі көліктің аккумуляторын шешіп, аяздың басылғанын күтуде. Алайда, «Ақмола облысында аптаның соңына дейін ауа температурасы -30 градустан түспейді» - дейді синоптиктер.

Фото автордікі.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы врачи ГКБ №7 полностью реабилитировали пациента после тяжелейшей травмы таза и мочеполовой системы
- Больше похоже на PR-акцию чем на правду. Обычно в ГКБ-7, как и в других больницах, редкостные с... Меня пару раз привозили туда при острых приступах воспаления поджелудочной. Могли бы просто прокапать, но каждый раз делали кучу анализов, потом отправляли подальше. Один раз даже в инфекционную... Каждый раз там в приемной куча больных ором орет от равнодушия врачей...
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)