Ол «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын 2011 жылдан бері басқарып келді
«Самұрық - Қазына» АҚ қоры басқарма басшысы Өмірзақ Шөкеев өз қызметінен кетіп жатыр, деп хабарлады Астанадағы ақпаратқа қанық дерек көзі.
«Өмірзақ Естайұлы (ШӨКЕЕВ – ҚазТАГ) «Самұрық – Қазына» АҚ-дан кетеді. Оның жаңа жұмыс орны әлі белгісіз. Мүмкін ол ұкіметтік құрылымға қайта оралатын шығар», - деп атап өтті телефон арқылы дерек көзі.
Ө. Шөкеев әр жылдары Қазақстан президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі, мемлекет басшысының экономикалық кеңесшісі, эконоимка министрі, Қостанай облысының әкімі болған. Сондай-ақ, ел премьер-министрінің бірінші орынбасары болды.
2011 жылдан бері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы болып келді.