Ирандық бойжеткен Голливуд жұлдызына ұқсау үшін 50 ота жасатқан
Анджелина Джолидің 19 жастағы ирандық жанкүйері Сахар Табар өз кумирына ұқсау үшін 50-ден аса пластикалық ота жасатқан, деп жазады mk.ru.
Бойжеткен ерінін, мұрнын, бетін әншіге ұқсатып, оған қоса қатты арықтаған. Ол мұнымен тоқтап қалмай, бетіне гот стилінде грим жағып, бет әлпетін адам шошырлықтай кейіпке енгізген. Соған қарағанда оны тек голливудтық жұлдыздың болмысы емес, гот субмәдениеті де қызықтыратын секілді.
Ирандық қыздың соңғы суретін желі қолданушылары «Қалыңдықтың мәйіті» («Труп невесты») мультфильмінің кейіпкеріне ұқсатып жатыр.
Фото: Instagram.com
Дереккөз: Қазакпарат