Қаз   Рус

«Жарнама жасау үшін күйеуге шыққан жоқпын»

256 қаралды
0
Динар ҚАМИЛҚЫЗЫ
Суббота, 30 Дек 2017, 16:00

Әнші-сазгер Гауһар Әлімбекова бақытын тапқан тәрізді

Гауһар ӘЛІМБЕКОВА сахнада өзіндік орны басым әнші. Ол салған «Ақ келінмен» қызын ұзатқан қауым Гауһардың да ақ босаға аттағанына тілекші болды. Ал, жарғақ құлағы жаңалыққа құмар жұрт үшін Гауһардың кімге күйеуге шыққаны сұрақ. Оны сазгердің өзінен сұрап білдік.

Оқи отырыңыз
Құман Тастанбеков : «Әртіс» деген атымыз болмаса

- Гауһар ханым, туған жерге барып концерт беріп келгеніңізді естіп жатырмыз. Жыл аяғында жинап-теріп есеп беруді жөн көрдіңіз бе?

- Желтоқсанның жиырма алтысы күні Шымкент қаласында авторлық кешімді өткізіп қайттым. Мен өз концертімде сырттан әншілер шақырмай, тек өзім өнер көрсеткенді жөн көремін. Сондықтан әндерімді айтып жүрген өнердегі шәкірттерімнің қатысуымен, әдемі кеш өткіздік. Туған жердің төсінде ерекше тебіреніске бөленетінің жасырын емес. Үлкен ата-әжелеріміздің ақ батасын алып, бір марқайып қайттым. Негізі өз басым қыс мезгілінде концерт бермейтін едім. Осы жолы көптің сұрауымен барған жайым бар. Халық шақырып, қолдап жатса қалайша бас тартайын?!

- Жерлестеріңізге көптен күткен күйеу баласын көрсетіп қайтқан боларсыз?

- Өз басым тиген , алған әйелін жарнамалап, соның арқасында концерт бергенді суқаным сүймейді. Көпке көрсету үшін күйеуге шыққан жоқпын. Реті келгенде көрерменге көрсетермін. Шынтуайтында, ол кісінің менімен еріп жүретін уақыты да жоқ. «Ер жігіт түздің тағыны» демей ме?! Онсызда сыртта атқаратын тірліктері жетіп артылады.

- Сонымен сізді ұзақ жыл күттірген азаматтың ныспысы кім болды?

- Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын. Қазақтың қарапайым жігіті. Осы Алматы қаласының тумасы. Танысқанымызға бір жылдан асты. Араласып, бір-бірімізді біліскен соң, бас қосайық деп шештік. Кішігірім кәсібі бар. Бастысы- өнерімді бағалайды

- БАҚ беттерінен Гауһардың тұрмысқа шыққанын ғана естідік. Соған қарағанда дүркіретіп той жасамай, қуанышты ағайын-туыстың ғана арасында атап өткенді жөн көрдіңіздер ме?

- Той әлі болған жоқ. Асығыстыққа салмай, жер қарайғанда жасайық деп шештік. Өз басым ел-жұртқа жар салмай, тойға ет жақындарымызды ғана шақырсақ деймін. Жолдасым да сенің қалауың болсын деп, ерікті өзіме берді.

- Жалпы қыз бала уақтылы тұрмысқа шықпаса, ер азаматқа қоятын талаптары да көбейе түседі деп жатады. Ортақ шешім қабылдауға келгенде өзім білемге салып жатқан жоқсыз ба?

- Мен талапшыл емеспін. Кез келген мәселені ақылдасып, тізе қоса отырып шешуге тырысамыз. Бір-бірімізді айтқызбастан түсінеміз. Мығым отбасы болу үшін де басты қажеттілік осы түсіністікте деп ойлаймын.

Оқи отырыңыз
«Өнер адамы қарны тоқ кезде ғана жақсы шығарма тудыра алады»

- Бұрын өнеріңізге ағаларыңыз қолқабыс болатын еді. Енді ол міндеттердің бәрін күйеу балаға табыстап берген болар?

- Нені меңзеп отырғаныңызды сезіп отырмын. Бірақ күйеуім өнеріме қолдау көрсетіп, шығындарымды көтерсін деп, есеппен күйеуге шыққан жоқпын. Ол менің - тірегім. Егер жаздыратын әнімді, беретін концертімді көтеріп алатын азаматты қаласам, баяғыда май шелпекке малынған жігіттің балағынан ұстаған болар едім. Онсыз да болашаққа қойған жоспарымыз көп. Өнеріме қатысты жұмыстарды өзім атқарамын.

- Енді өзіңізден өнер сахнасына ойыссақ. Бұдан бұрын орыстілді әншілер мен қазақтілді әншілердің арасында теке-тірес жиі белең алушы еді. Қазір қалай?

- Бұрын бір қазақ болып тұрып, өз ішімізде бөлінгеніміз жаныма бататын еді. Қазір туған тіліне мұрнын шүйіре қарайтындардың аптығы басылған секілді. Неге десеңіз, солардың дені қазақша ән салуды әдетке айналдырды. Оның үстіне қазір әнші де көбейіп кетті ғой. Салдарынан халық та теледидар көруден қалды. Қай арнаны қосып қалсаң да бағдарлама біткеннің жүргізушісі де, қатысушысы да- әнші. Телеарналарда қадір қалмады. Неге екенін, қазір шоу- бизнестің заманы болып кетті. Мұның да астында бір жымысқы саясат жатқан шығар.

- Ел арасынан «халықтың сіңірі шыққан сайын, әншілер байып барады» деген пікірді жиі естіп жүрміз. Осымен келісесіз бе?

- Ол рас. Күнделікті теледидардан да әншілер мінген қымбат көлігін, тұратын үйін көрсетіп жатады. Көпке топырақ шашпайын. Егер адал жолмен табылған ақша болса, оның жөні басқа ғой. Халық жабыраңқы күй кешіп жүргенде өзіңнің жайлы өміріңді жарнамалай беру - астамшылықтың белгісі. Кейде қоғамдық көліктерде сығылысып, таң атпастан жұмысқа асығып бара жатқан қаракқұрым халықты көргенде жаным ауырады. Қарап отырсам, қазір жұмыс берушілердің де табыстайтын айлығы жұмырға жұғымсыз. Мемлекеттің қызметкерлердің айлығы айтпаса да түсінікті. Оның үстіне инстаграм деген «пәле» пайда болды. Желідегі әріптестерім ішкен тамағын, алған киімін, жасатқан массажын көрсетіп жатады.

Әділетсіздікке етіміз тіптен үйреніп кетті. Күннен күнге қымбатшылық қысып барады.Осының барлығын көріп-біліп отырып, қымсынбай қалайша жайлы өміріңді жариялайсың. Қарап отырсам, біздің елде әлеуметтік теңсіздік ашық жарияланып жатқан сияқты.

- Қазіргі «жұлдыз» атанып жүрген жастардың айтып жүрген әндері көңіліңізден шыға ма?

- Ашығын айтсам, қазіргі жастар салатын әнінің сөзі былай тұрсын, оның ырғағы мен иіріміне де мән бермейтін сияқты. Әйтеуір бар дауысыммен айғайлай берсем, даусым күшті болып көрінеді деп ойлайтын болса керек. Халықтың алдында жүрген жас әншілердің салған әні жас буынның психологиясына кері әсерін тигізіп жатыр ма деймін. Батысқа басыбайлы еліктегені соншалық, салған әндерінің әуенінен дірілі көп. Әрине әнді заманауи нұсқаға негіздеп айтсын. Бірақ оның қаймағын бұзбау керек қой. Кімге көп жарнама жасалса, соның жұлдызы жанып жатыр. «Жақсылар жақсымын деп айта алмайтын, жамандар жақсымын деп айқайлайтын» уақытқа тап болдық. Кеше сахнаға шықса, бүгін кеудесіне нан пісіп тұратын жасанды жұлдыздар қаптап кетті...

Оқи отырыңыз
Біреуді сынағанша, өз отбасыңызға жауапты болыңыз!

- Жалпы бұрынғылар өнер адамдарына қарап бой түзейтін еді. Қазіргі өнер адамдарының арасында біреудің отбасын ажырастыру, немесе тоқал болып тие салу таңданыс тудырмайтын болды. Осыған не себеп деп ойлайсыз?

- Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргісі келетіндер осындай жеңіл жолға барады. «Ауруын жасырған өледі» деген. Ақша үшін арын сатып жүргендер көп. Жуырда Алматы қаласындағы түнгі клубтардың бірінде елу мың теңге үшін тыржалаңаштанған қазақ қызының қылығы да осыған дәлел. Мұның бәріне әлеуметтік жағдайдың қиындығы мен отбасындағы алған тәрбиенің саяздығы себеп.

- Бүгінде қазақтың сахнасы той, тойы сахна болып кеткен сияқты ғой. Бұл үрдістен қалай арылуға болады?

- Ол үшін заң аясында қатаң талап қойылып, қыруар жұмыс атқарылуға тиіс. Жанды дауыста ән салуды жолға қоямыз дегелі қашан?! Жылда айтады, бірақ шешімін таппайды. Қарап отырсам қазір әншісі бар, ақыны бар, нан табу мақсатында қыз ұзатуға арнап ән айтуды әдетке айналдырды. Ал Отан, Ел, Жер ана тақырыбы тасада қалды.

Оқи отырыңыз
Қайрат Нұртас «Жұлдызды жекпе-жекте» жеңіске қалай жетті

- Сіздің Қыз ұзату салтының гимніне айналған «Ақ келін» әніңіз осындай мұқтаждықтан туған сыңсулардың көлеңкесінде қалған жоқ па?

- «Ақ келін» әнін алғаш айтып шыққанымда әріптестерімнің көбі: «Нан табудың жолын тауыпсың ғой»- деп түртпектейтін еді. Ал, шынтуайтында мен бұл әнді осынша сұранысқа ие болады деп ойламаппын. Соңынан қыз ұзату мен келін түсіру салтына арналған әндер легі қаптап кетті ғой. Бірақ менің «Ақ келінім» олардың тасасында қалды деп айта алмаймын. Қызын ұзатқан әулет арнайы шақырып, осы әнді айтып беруімді әлі күн сұрап жатады. Дегенмен кейінтін қаптап кеткен қыз ұзатқыш әншілердің жолымды кес-кестеп жүргені жасырын емес. Алдын ала тапсырыс берген адамдарға арнайы шығып , Гауһардың әні ескірген, одан да қызыңызды мен ұзатайын деп, артымнан алабөтен қылық жасайтын әріпестерім де бар. Бірақ өнерімді бағалайтын тыңдармандарым Қытай мен Өзбександа тұрса да, арнайы жол-күремді көтеретінін айтып, шақырып жатады.

- Гауһар лирикалық әнші. Соған қарағанда жүрегін жаралаған жігіттер көп сияқты дегенді естіп жатамыз. Шынымен көп ғашық болғансыз ба?

- Мен ұнатқан бір ғана адам болды. Бірақ ол көп айтқандай жаныма жара салмады. Керек десеңіз, ғашық екенімді де сезбеді. Махаббат тақырыбындағы әндерімнің жартысы сол кісіге арналса, қалғаны қиялдан туған әндер ғой.

- Баяғыда бір қыз өзіңіз сияқты күйеуге кештетіп шықса керек. Сөйткен жас келін жылда босана беріпті. Сөйтсе, бір құрбысы: «Сен баяғыдан бері тұрмысқа шықпай жүр екенсің ғой»- деп қағытыпты. Сөйтсе, ол да іркілместен: «Класстастарымды қуып жетейінде» десе керек. Қалжың болса да, ойымның астарын түсінген боларсыз?

- Құдай қанша перзент берсе, соншасын дүниеге әкелемін. Біреулер бала туатын жастан өтіп кеттің деп жатады. Шынтуайтында, менің марқұм анамның өзі жиырма бір құрсақ көтерген. Оның он екісі тірі болса, қалғанын жер қойнына тапсырған. Сондықтан менде баласыз қаламын деген қорқыныш жоқ. Тек Алла сәтін салса деп отырмын. Тыңдармандарым сұрап жүрген сүндет тойдың әнін сол кезде салармын.

Фото: vk.me

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.