Қаз   Рус

Қытайды бағындырған жалғыз Димаш емес

2305 қаралды
0
Сырым ИТКУЛОВ
Пятница, 16 Фев 2018, 10:30

Аспан асты елін таңқалдырған қазақтар

Былтыр 2017 жылдың көктемінде қазақ әншісі Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН Қытайда "I Am a Singer" ән байқауында екінші орын алып, аспан асты елінде даңқы шықты. Осы ақпан айының басында ақтөбелік өнерпаз Қытайдағы "Top global Chinese music awards-та" екінші рет "Жылдың ең танымал әншісі" атанған еді. Жалпы, әншінің шығыстағы көрші елде ән кешін беру қалыпты жағдайға айналған. Мәселен былтыр Чанша қаласында 10 мың адамның алдында Қытай, АҚШ, Канада, Украина, Ресей музыканттарының қатысуымен ән салды.

Қытайда танымалдылыққа ие болған тағы бір қазақстандық – Сабина АЛТЫНБЕКОВА. Ол 2014 жылы Тайбейге Азия біріншілігіне барады. Сұлулығымен ханзуларды таңқалдырған бойжеткен турнирдің ең сұлу спортшысы атанып, Instagram желісіндегі тіркелушілер саны үш күннің ішінде 150 мыңнан асып түсті. Сабинаның фотосуреттері Қытайдың ең танымал алдыңғы қатарлы сайттарының сәнін келтірді. Шығыс сұлулығын бағалаушылар оны жапондық фарфорлы қуыршақтар - анимэлерге ұқсатты.

Алайда, көрші Қытай елін бағындырып үлгерген отандастырымыздың қатарында Димаш пен Сабинадан бөлек те адамдар бар. Ханзуларды мойындатқан отандастарымыз бен онда тұрып жатқан қандастарымыз жайлы мәліметтер ұсынамыз.

Арай Айдархан

ҚХР тұратын қазақ әнші, композитор Арай АЙДАРХАН Fujian TV телеарнасындағы «Sounds of nature» ұлттық әндердің музыкалық реалити-шоуында  әжесіне арнаған әнін орында, 2013 жылы Арай «Chian Is Listening» сайысында үздік бестіктің қатарына кіріп, қытай эстрадасының танымал өкіліне атанды.

Жанар Сағат

Қазақ қызы кинорежиссер атанып, көзі қарақты көрермендерге 20-ға жуық телехикаяларды ұсынып үлгерген. Ал оның «Таңсәрідегі жабық жарыс» фильмі Қытайда жыл телехикаясы атанған. Сондай-ақ, Жанар Мао Цзе Дунның студенттік өмірі жайлы сыр шертетін «Бір дәуірдің жастары» фильмінің де режисері. Сыншылар бұл фильмге жоғары баға берген соң, Жанар САҒАТҚЫЗЫНА көсемнің балалық шағы туралы телехикая түсіруді сеніп тапсырды.  

Данияр Толқынұлы

Қытайдың республикалық «Балалар музыкасы» телевизиялық жобасында 13 жасар этникалық қазақ Данияр ТОЛҚЫНҰЛЫ «Атамекен-ай» әнін орындап, көрермендер көзайымына айналды. «Балалар музыкасы» бүкіл қытайлық жоба болып табылады. Онда іріктеуден өткен өнерпаздар танымал эстрада жұлдыздарың шәкірті атанып, солармен бірге өнер көрсетеді.  

Берік Ықылас

ҚХР-ның Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданының шағын Қарамай қаласынан келген  35 жасар Берік ЫҚЫЛАС та The Voice China ("Дауыс") танымал вокалды шоуының қазыларын таң қалдырған. Көрмей тыңдау кезеңінде ол көңілді испан композициясы Señorita-ны орындап, қазылармен қатар, көремендердің де ерекше ықыласына бөленген. Төрт музыкалық сарапшылардың үшеуі оған дауыс берген.

 

Тасқын

2013 жылы этникалық қазақ Тасқын да қытайлық «Дауыс» жобасына қатысқан. Бірінші кезеңде ол «Дудар-ай» әнін орындап, қазылардың көзіне жас үйірілткен.

Қазақ әжелерінің «Аққулар» ансамблі

Қазақ әжелерінің «Аққулар» хор ансамблі қытайдың таланттар шоуын таңқалдырған. Жергілікті телеарна эфирінде Қытай халық республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданының тұрғындары қазақ әні  «Жүнді» орындаған. 

Фото: Today.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.