Қаз   Рус

Спортшылар Олимпиадаға қазы жеп, сорпа сораптау үшін баратындай

722 қаралды
0
Нұрлан ЖҰМАХАН
Четверг, 15 Фев 2018, 12:30

Ұлттық Олимпиада комитеті Спорт дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов Пхенчханға қандай тамақ апарғандарын айтты

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылғанына біраз уақыттың жүзі болды. Әзірше шығысқазақстандық фристайлшымыз Юлия Галышевадан басқа спортшымыз медальге қол жеткізген жоқ. Юлия қызымыз қола медальді қанжығасына байлап, сөніп бара жатқан үмітімізді жаққандай болды. Ал қалған спортшылармыз қара үзіп, үздіктердің қатарына қосылған жоқ. 

Оқи отырыңыз
Қазаққа мешіт керек пе?

Айтпақшы, Ақ Олимпиада басталған сәтте Пхенчхан қаласына спортшыларымызбен бірге барып, оларға бас-көз болып жүрген Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті Спорт дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов ағамыздың "Қазақпарат" агенттігіне берген "Қазақстандық спортшылар Пхенчханға қазы-қарта ала келді" деген сұхбатын оқып, спортшыларымыз байрақты бәсекеге ас ішіп, аяқ босату үшін барады ма деп ойға қалғанымызды жасырып қайтеміз.

Қазақстандық спортшылардың шетелге шықса сөмкесін қазы-қартаға толтырып, азығын арқалап жүретіні біз үшін жаңалық емес. Соңғы уақыттары қысқы, жазғы Олимпидаға аттанып бара жатқан спортшыларымыз "қазы-қарта мен жал-жаямызды алып бара жатырмыз" деп реті келсе де, келмесе де әңгіме айтатын әдет пайда болды.

Бұл не? Ет жеп, сорпа сораптау ұлттық патриотизмнің бір нышаны ма? Мемлекет спортшыларымызды мешкейлердің жарысына жебіргендей ішкен-жегенін сөз қылатынын әдеттерін түсіне алмай жүрміз. Олардың әңгімесін естігенде ауылдағы туған-туысқанның басын қосып, соғым басын беретін Сәрсембай көкеміздің әрекеті еске түсетінін жасырып қайтейін.Олар қыста қазыны кертіп жеп, ұзақ түнде жылқы бағатын жылқышы емес қой.

Соңғы кездері спортшылардың "Жарысқа қазы-қарта мен жал-жаяны ала кеттік. Ұлттық тағамымыз бізге күш-қуат береді" деп лепіре сөйлегеніне күдікпен қарайтын болдым. Олардың бөтен жерге жарысқа барғанда ет асып, арқа-жарқа болып отыратын жағдайы бола ма, десеңізші? Әлде спорт саласына жауапты шенділеріміз ет асатын қазан-ошағын алдын ала апарып, сайлап қоя ма екен? Кім білсін? Бір білсе "Қазақстандық спортшылар Пхенчханға қазы-қарта ала келді" деп сұхбат берген Елсияр ағамыз білетіні анық. 
 

Дереккөз: Нұрлан ЖҰМАХАННЫҢ  Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы врачи ГКБ №7 полностью реабилитировали пациента после тяжелейшей травмы таза и мочеполовой системы
- Больше похоже на PR-акцию чем на правду. Обычно в ГКБ-7, как и в других больницах, редкостные с... Меня пару раз привозили туда при острых приступах воспаления поджелудочной. Могли бы просто прокапать, но каждый раз делали кучу анализов, потом отправляли подальше. Один раз даже в инфекционную... Каждый раз там в приемной куча больных ором орет от равнодушия врачей...
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)