Тоғыз ай бойы депутаттық қызметте жүрген белгілі әнші өзінің жұмысы туралы айтып берді
Өткен жылдың сәуір айында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Саят МЕДЕУОВ Алматы облысы, Қарасай ауданының №14 округіне мәслихат депутаты болғаны мәлім. Әнші өзі Қарасай ауданының тұрғыны болғандықтан, осы орынға ұсынылған екен.
Алайда, оның айтуы бойынша, жергілікті жұрт бұл жаңалықты бір ауыздан құптаған жоқ, деп хабарлайды “Қазақ радиосы”.
«Бұл менің орным емес, бірақ амалдың жоқтығынан жүрген жайым бар. Мен сайланған кезде неше түрлі сөздер болды. “Ақшасы таусылған ғой. Халықты қанайын деген ғой. Халықты жейін деген ғой” – деген сияқты небір әңгімелер болды. Сол кезде мені тағайындаған Махаббат ағаға да хабарласып: «Аға, мені бекер ұсындыңыз ғой», дедім. Сонда ол, досымсың ғой, досым болсаң шыда деп, қысқа қайырды. Амал жоқ, енді шыдап жүрмін. Өзінің қиындықтары бар. Оңай дүние жоқ. Келе салып мынаны қопарып жіберемін деген, ағысқа қарсы жүзгенмен бірдей», – деді әнші радиоға берген сұхбатында.