Қаз   Рус

Рейтингті Баянсыз да жасауға болады

604 қаралды
0
Ратель
Воскресенье, 07 Янв 2018, 16:00

Белгілі журналист Ұлттық арна басқарушысы Ерлан Қаринге ренішін жеткізді

Продюсер Баян МАҚСАТҚЫЗЫ түсірген «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» телехикаясы төңірегіндегі дау әлі де ұзаққа созылатын сияқты. Телехикая көңілінен шықпаған жұртшылық әлі де продюсерді де, тарихи туындыны да сынап жатыр.

Бұған дейін телехикаяны сынап, Мақcатқызынан түсірілімге жұмсалған ақшаны қайтаруды талап еткен белгілі журналист Бибігүл ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ ендігі Ұлттық арна басқарушысы Ерлан ҚАРИНГЕ ренішін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқи отырыңыз
Баян: Менің күйеуіме подиумға шығу керек!

Тарихи тақырыпты арқау еткен туындыға қатысты белсенді түрде пікір білдіріп жүрген белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Ұлттық арна басқарушысы Ерлан Қаринге ренішін жеткізді.

«Ерлан мырза, мен Сізді ең алғаш рет 2005 жылы Алматыдағы “Stars club”- та болған Литер-медианың 1 жылдығында көріп, танысып, дастархандас болған едім. Сол кезде Сіздің сөз саптауыңыз, парасаттылығыңыз, Отанға деген сүйіспеншілігіңізге қатты тәнті болғанымды жасырмаймын.

Телевидение саласында 15 жылдай қызмет етіп келемін. Кезінде Баянсыз-ақ рейтингті жасаған продюсердің бірі болдым. “Рейтинг” керек болса, мен деген мықты журналистер көп. Неге айналып келгенде осы Баян Мақсатқызының төңірегінен шыға алмай қойдыңыздар? Қаншама жыл жинаған абыройыңыздың осылай төгілгенін қаламаған боларсыз. Бәлкім, өкініш өзегіңізді өртеп те жатқан шығар», – деп жазды журналист Instagram парақшасында.

Оқи отырыңыз
Қатында да қайын жұрт бола ма?

Сондай-ақ журналист Баян Мақсатқызының жаңа жылдық бағдарламада жүргізушілерді сүйістіріп қойғанын сынға алды.

«Рейтингті қуалайсыз-ау, ал, келешек ұрпаққа не дейсіз, айтыңызшы?! Баянға бәрібір. Оған екі қойың бір тиын. Ол бүгінгісін ойлайды. Ол әйел Инстаграмдағы оқырмандарының миллионға жеткеніне алаңдайды. Есі бар “халық алдындағы продюсер” етегін жауып жүрер еді. Телехикаяны жамырап сөз таластырып отырғанымызда, “мә, саған керек болса” деп, желтоқсанның 31-і күні Ұлттық арнамыздың көгілдір экранынан жүргізушілерді сүйістіріп қойды. Біздің менталитеттің мүлдем басқа екенін бұл әйел баяғыда ұмытқан.

Ал, Сіз неден жаңылдыңыз? Ұлтқа, тарихқа деген жанашырлығыңыз қайда жоғалды? Осы сериалға атүсті қарағаныңызға таңым бар», – дейді Бибігүл Дәулетбекқызы.

Сонымен қатар Бибігүл Дәулетбекқызының айтуынша, «КТК» телеарнасының бұрынғы басшысы Баян Алагөзованы жұмыстан шығарып, күзетшіден есіктен кіргізбей қоюын талап еткен.

«Бүгін қаңтардың 5-і. Бүгін «КТК»- да басшым болған өзге ұлт өкілі Сергей Викторович Клещенковтың дүниеден озған күні. Бұрынғы әріптестерімді көргенімде Сергей Викторовичтің қарапайымдылығын, журналистерге қамқорлығын еске түсіреміз. Сол кісі Баянды жұмыстан шығарып жіберіп, күзетшіден есіктен кіргізбей қоюды талап еткен еді. Кейін сұрағанымда: «Бүгінгі күнімен жүретін журналистер эфирді ластап қана қоймай, мазақ етеді. Мен өз абыройымды ойлау керекпін»,- деген болатын. Абыройдан жұрдай болмай тұрғаныңызда өзіңізді ұмытпағаныңыз жөн. Шашылған абыройды қайта жинау өте қиын», – деп жазды журналист.

Өз кезегінде желі қолданушылары да журналистің пкірін қолдап, аталған телехикаяның түсіріліміне мемлекет есебінен жұмсалған қаржының қайтарылуын талап етті.

Дереккөз: Stan.kz 

Фото: Stan.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы врачи ГКБ №7 полностью реабилитировали пациента после тяжелейшей травмы таза и мочеполовой системы
- Больше похоже на PR-акцию чем на правду. Обычно в ГКБ-7, как и в других больницах, редкостные с... Меня пару раз привозили туда при острых приступах воспаления поджелудочной. Могли бы просто прокапать, но каждый раз делали кучу анализов, потом отправляли подальше. Один раз даже в инфекционную... Каждый раз там в приемной куча больных ором орет от равнодушия врачей...
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)