Төрт ай бұрын қызды алып қашқанымен, күйеу жігіт оған үйленбеген
Ақтөбелік студент қызды атыраулық жігіт алып қашып кеткен. Алайда, екі жастың тойы болмаған деп хабарлайды mgorod.kz.
Осыдан төрт ай бұрын атыраулық бір азамат қазақтың ескі салты бойынша ақтөбелік студент қызды алып қашып кетеді. Қалыңдықтың туыстары тойды күтіп отырғанда Атыраудан қаралы хабар келген.
«Біздің қарындасымыз бірер күн бұрын көз жұмды. Әлі күнге дейін неден қайтыс болғанын білмейміз. Бар жоғы:қыздарың қайтыс болды, денесін алып кетіңдер, - деген хабарлама келді. Екі ағамыз бірден Атырауға жол тартты», - дейді марқұмның туысқаны Талғат ӘБДІРАМАНОВ.
Марқұмның туыстарының айтуынша, қалыңдықтың денесі жуырда Ақтөбеге жеткізілген.Олар Данардың өлімінің нақты себебін анықтау үшін, медициналық сараптама жасатпақшы. Сондай-ақ, марқұмның жақындары атыраулық жігіт Данараны алып қашқанымен ата-анасының алдынан ешкімнің де өтпегенін айтады.
Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі бұл іске қатысты ҚР ҚК 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын растады.
Фото: Informburo.kz