Қаз   Рус

Имам: Қазақ ешқашан қатынын "жаным" демеген

1108 қаралды
0
Ратель
Пятница, 26 Янв 2018, 18:00

Қарағандылық имам Ризабек Батталұлы тағы бір "пәтуа" шығарды

Осыдан біраз уақыт бұрын Ризабек БАТТАЛҰЛЫ шариғат бойынша әйелді қалай дұрыс ұру керектігін жұртқа түсіндіріп бүкіл елге әйгілі болған еді. Оның айтуынша, әйелдің денесін жарақаттамай, бір жерін сындырып алмай ұруға болады екен. Оған шариғатта рұқсат етілген дейді.

Енді Facebook желісінде «Терең мағыналы сөздер» атты топта  имамның жаңа видеожазбасы жарияланыпты. Бұл жолы дін қызметкері әйелдерін еркелетіп  «жаным» деп жүрген азаматтарға өзінің көзқарасын білдіріпті.

«Қазақ айтады "Қатын тілін алған, қаран қалады" деп. Қазақ ешқашан қатынын "жаным" демеген. Қазақ баласын "жаным" деген, қазақ анасын "жаным" деген. Құранның ескерткен аяты болып тұрған бабаларымыздың заманында еркектік сипат деген болған. Ол кезде жезөкшелік болмаған, жетімдер болмаған», - дейді имам.

Жазбаны көргендер әрқилы пікір қалдырыпты. Оның ішінде имам сөзін қолдағандар мен қоса, қарсы пікір айтқандар да бар. 

«Сонда жезөкше-жетім көбейгені «жаным» деп айтқан сөздің кесірінен болып тұр ма? Менің анам əкеме қатын болады. Сонда мен оны тыңдамаймын ба қараң қаламын деп? Аңқау елге арамза молда ғой мынау», - деп жазыпты Амантай САТАЕВ атты желі пайдаланушысы.

Ал, Қалжан БАЙШЫЛЫҚОВА: «Әкелерімізден естімедік апамды жаным дегенін, ал ұлымыз алдында анасы тұрғанда келінді жаным дейді ғой. Дұрыс молданың айтқаны», - деп қарсы пікір білдірген.  

Фото: youtube.com.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера