Қаз   Рус

Ерланның ерлігі қателігін ашық мойындауы

2123 қаралды
0
Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ
Четверг, 08 Фев 2018, 17:45

Ар-ұяттан гөрі атақ пен сыйлық қымбат заман-ай, десеңші!

Пара алу, жемқорлық секілді жиіркенішті қылмысқа қоғам төзбейтін ахуал қалыптасуы керек еді. Өкінішке қарай оны ақтайтын, қылмысқа тартылғандарға ара түсетін, тіпті, ақтауға тырысатын жағдайға душар болған екенбіз. Әу баста бір топ қайраткер шығып, қылмысын өзі мойындап тұрғанына қарамастан, Ерлан БІЛӘЛДІ «сүттен ақ, судан таза» деп бетін жыртып, жылап-сықтады, «дарынды адам пара алмайды» десіп еңіресті. Бірақ, ақша көрсе актер де жолдан таяды екен, дарындылығына қарамастан (шынын айтсам, қандай образ сомдағанын білмейді екенмін). 

Оқи отырыңыз
Ерлан Біләл айыппұл төлеп құтылады

Обалы нешік, Ерланның ерлігі қателігін ашық мойындауы болды. Сот үкімі оқылғанда, әлгі атақтарынан ат үркетін қайраткерлер ат-тондарын ала қашып қарасын көрсетпеді. Оларға азаматтан гөрі оның лауазымы қымбат болған шығар. Мәнсабынан айырылғаны анық болған соң «аш пәледен қаш пәле». Ал, актеріміз өткен іске өкінген де шығар, бірақ, атағы мен сыйлықтарына жармасып, зар иледі. Ар-ұяттан гөрі атақ пен сыйлық қымбат заман-ай, десеңші! 

Енді біраз жұрт «небары миллион жарым-ақ пара үшін 52 млн теңге айыппұл салып ауыр жаза кесті» десіп шулап жатыр. Пара мен ұрлықтың аз-көбі болушы ма еді?! Қазір болмашы мәнсапқа қол жеткізгендердің көбі пара алуға, бюджеттің ақшасынан жымқырып қалуға тырысатыны бәрімізге белгілі. Бір анығы – лауазымдық қызметтің қай түрін де дәл қазір ешкімнің дарын-қабілетіне, біліктілік-қарымына қарап әділ түрде ұсынып жатқан жоқ. Не бір сұрқия алаяқтар мен ақымақтар да екі тізгін, бір шылбырды қолына алып, өздерінен неше есе ақылды, білімді жандарға көсемсіп отыр. Жай көсемсіп қана қоймай біліктілілерге өлердей өшігіп, қысым жасап, тықсырып, қуғындап жатыр. Ертеңгі күні тағы біреу ұрлық үстінде ұсталса «ол залым емес, ғалым еді», «қазақтың біртуарының қызы еді», «пәленшекеңмен сыйласқан адамның ұлы еді» деп ақтап алуға тырысып жүрмесек болды ғой. Себебі, қазір мәнсаптылардың үлкені де, кішісі де қарпып қалуға, іліп кетуге, жымқыра беруге қатты әуестеніп кеткен. Қысқасы, ұсталмағанның бәрі ұры емес. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің жұмысына атсалысып, қол ұшын бермесек те, шын жемқорларға ара түспей тыныш отырайықшы, тым құрығанда! Заңымызды сыйлап үйренейік!

Дереккөз: Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫНЫҢ Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.

Фото: qamshy.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.