Қаз   Рус

Елбасы рөлін сомдаған Нұрлан Әлімжан кіммен көңіл жарастырып жүр

4344 қаралды
0
Динар ҚАМИЛҚЫЗЫ
Суббота, 02 Дек 2017, 11:00

«Жұлдызды» Instagram жаңалықтары

@aikerim_kaiaubaeva_official Жуырда музыкалық Гәкку арнасынан әнші Әйкерім ҚАЛАУБАЕВА мен Нұрлан ӘЛІМЖАННЫҢ «Екеуміздің әніміз неге бөлек?!» атты туындысын тамашалаймыз. Бұл жаңалықты парақшасына бірінші болып салған Әйкерімді оқырмандары күмәнді сауалдың астына қалдырды. Бұған тыңдарман арасында Нұрланның жарымен ажырасқаны жайлы қауесет себеп болса керек-ті.

Жұрт сөзіне қалам деп қорықты ма, Әйкерім жазбасының астына бірден «Тек өнер, тек достық, әріптестер» деп бадырайтып қойған. Әйтсе де, әнші қызға оқырман алдында қайталай жауап беруіне тура келді. «Сезімді жасыру қиын ғой?! - деп сауал салған ani_narra есімді тыңдарманына: «Нұрлаш екеумізді тек өнер байланыстырады. Ол - менің алтын досым», деп жазба қалтырған.

Оқи отырыңыз
Төреғали мен Ерке Есмахан «Нұр Отанға» кірді

@esmahan_erke Кеше туған күнін тойлау үстінде Ерке ЕСМАХАН желіде кезекті жаңалығын жар салды. «Бүгін туған күніммен қатар болып жатқан бір қуанышпен бөлісейін! Бүгін мен «Нұр Отан» партиясына өтіп, партия билетін алдым. Еліміздің ең беделді, жетекші саяси партиясының қатарында болу - үлкен мәртебе!», - деп жазды ол инстапарақшасына.

Инста оқырмандары Ерке қызды қос қуанышымен мақтап жатса, ішінара партияға өтуін құп көрмейтіндер де табылды. Мәселен, ныспысы @zharkyn_1976.03 есімді тіркелуші: «Нұр Отанға өткенімізге он жыл болды. Ақшаны сенен алмаса, саған бермейді» деп сын жазған. Пікір қалдырғандардың ішінде «Аталмыш партияға кіріп жатсаң, мен шығып жатырмын», - деп билік партиясынан бас тартып жатқандар да табылды.

@kudaibergenov.dimash Ерке Есмахан партияға кіргенін мақтан етіп жатқанда, Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН қазақ тілінің сойылын соғып, үндеу жасады. Ол өзінің блогында әкесі Қанат АЙТБАЕВТЫҢ «Тілді дамытуға қосқан үлесі үшін» марапатқа ие болғанын жазып сүйінші сұрады.

Атасы мен әжесінің тәлімінде өскен бала әдептен аттамай, әкесі жайлы: «Менен сенің еліктейтін, үлгі тұтатын адамың кім деп сұраса, ойланбастан ағатайымды айтамын. Бізге үлгі болып жүре беріңіз. Қазақ тілі әлемдік тіл болуы керек. Қазақ тілін біле тұра, сөйлегісі келмейтін жастардың құлағына алтын сырға» деп жазды kudaibergenjv.dimash парақшасына.

Әлемді ерек даусына еліткен өнерлі жігіт туған тіліне деген құрметті осылай жеткізіпті.

@asha_matai Бұған дейін әнші әрі актрисалық қырынан танылған Аша МАТАЙ енді жеке кәсіппен айналысуға бел буды. Көрермен сынынан түспейтін «Қалаулым» шоу бағдарламасының жүргізушісі бизнесін жары Арман ҚОҢЫРМЕН бірігіп қолға алған. Олар балаларға арналған табиғи өнім сататын дүкен ашатын болыпты.

«Доромарин пайдалы. Біз оны үнемі қызымызға береміз. Бұл табиғи өнімді ішіп бастағаннан кейін оның иммунитеті жоғарылады» - деп журналистерге берген бұл жауабын жарнама есебінде инста парақшасына да түйреп қойыпты.

@bayanmaxatkyzy Ал БАҚ беттерінен түспейтін продюсер Баян МАҚСАТҚЫЗЫ ақпарат көздерін өзі жайлы көп айтады деп жазғырғанымен, отқа майды өзі құятынын тағы көрсетті.

«БАҚ менің қарапайым адам, ана, әпке және құрбы екенімді ұмытқан тәрізді. Мен олардың көзі мен талқысына көп түсетін «ХАЙП» есебіндемін. Менің бар болғаным қандай жақсы, ендеше іліп әкетіңдер, мен тұрмысқа шығамын. Енді мұны қанша БАҚ-тың жария қылатынын санаңдар», деп жазба қалтырды.

@saltanat_bakaeva Театр мен әншіліктің жүгін арқалап жүрген Салтанат БАҚАЕВА демографияға өз үлесін қоспақ. Бұған дейін екі ұлды дүниеге әкелген ол - үшінші сәбиін күтіп жүр. Қазақтың саны бір Салтанаттың баласымен көбейіп кетпесі анық. Дейтұрғанмен, оның сахна мен аналық міндетті қатар арқалап жүруі көңілге қуаныш ұялатады. Театр сахнасында Джульеттаны нақышында сомдайтын Салтанат екі ұлдың соңынан қыз Жібекті дүниеге әкелуді армандайтын болар.

Фото: Instagram.com

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!