Қаз   Рус

Димаш Құдайберген нені армандайды

275 қаралды
0
Ратель
Пятница, 24 Ноя 2017, 15:30

Димаш қандай жүлдені алғысы келетіні туралы әлеуметтік желіде айтты

Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН Лос-Анджелесте белгілі продюсер әрі композитор Уолтер АФАНАСЬЕФФПЕН кездесті. Бұл жөнінде  Димаш өзінің instagram парақшасында хабарлады. Өзі жариялаған видео роликтің астына: «Аты аңызға айналған продюсер әрі композитор @wafanasieff-тің үйінен эксклюзивті кадрлар. Бұл кісінің қарапайымдылығы мен даналығына тамсанамын. Үйіңізге шақырғаныңызға рақмет! Видеодағы мен өмір бойы армандап келетін «Грэмми» статуэткалары»,– деп жазды.

Оқи отырыңыз
Димаш әлемдік турнесін Тәуелсіздік күні Қытайда бастайды

Аз уақыт бұрын атақты продюсер Димашты өз көлігімен жеткізудің үлкен абырой екенін мойындаған видеосын бөліскен болатын.«Бұл мен үшін мәртебе, Қазақстан! Менің ең сүйікті әншім, вокалист Димаш менің машинамда отыр! Сене алар емеспін! Рақмет!» – деген продюсер өз эмоциясын жасыра алмады.

«Бүгін мен тамаша кісінің үйінде болдым. Ол  – «GRAMMY» жүлдесінің екі дүркін иегері. Майкл Джексон, Марайа Кэри, Уитни Хьюстон сынды ірі тұлғалармен жұмыс жасаған ұлы композитор және продюсер. Селин Дион орындаған «Титаник» телефильмінің саундтрегі «My heart will go on» əнін де дүниеге алып келген – осы Уолтер мырза. «Құбыжық пен сұлу», «Аладдин» (1992), «Жеке қорғаушы» (1992), «Сен ғана» (1994), «Геркулес», «Ойын» (1997), «Бөтен қарындас» (1999), «Үй күтуші ханым» (2002). Джеймс Бондтың «Өлімге берілген рұқсатнама» фильмдерінің əндерін жазған кісі. Қанша жерден тарихи жобаларда бой көрсетсе де, өте қарапайым, өте сыпайы. Алдағы уақытта қуантамыз»,– деп жазады Димаш Инстаграмдағы парақшасында.

Айта кетейік, продюсер Уолтер Афанасьефф «Грэмми» сыйлығын алғаш рет 1999 жылы «Жылдың үздік жазбасы» байқауында продюсер ретінде, екіншісін 2000 жылы «Жыл продюсері» байқауында алған.

Фото: zhetysu-gazeti.kz

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.