Қаз   Рус

Бозымбаев «ҚазМұнайГаз» басшылығын жұмыстан босатам деп қорқытты

538 қаралды
0
Ратель
Четверг, 02 Ноя 2017, 14:30

Министр ПМХЗ жөндеуі бітпесе ҚМГ басшылығын қызметтен алуға ниетті

Читайте также
Президент объявил выговор министру энергетики

Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ 1 қараша, сәрсенбіде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның мұнайды тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг бойынша атқарушы вице-президентінің міндетін атқарушы Данияр ТИЕСОВТІҢ және «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Шухрат ДАНБАЙДЫҢ қатысуымен Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту барысы мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізд, деп хабарлайды компания баспасөз қызметі.

«ПМХЗ» ЖШС-да жаңғыртуды аяқтау және жоғары октанды бензин мен дизель отынын шығару үшін қажетті қондырғыларды іске қосу мерзімдері бойынша артта қалушылық белгілі болды.

Жаңғыртуды аяқтау мерзімі «ПМХЗ» ЖШС үшін 26 қазан, ал Атырау мұнай өңдеу зауыты үшін 16 қыркүйек белгіленген болатын. Алайда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мерзімдерді ағымдағы жылдың желтоқсан айының бірінші жартысына ауыстырды», - делінген таратылған хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Д. Тиесов пен Ш. Данбайдың ақпаратын тыңдап, министр жақын арада жоғары октанды бензинмен және дизель отынымен ішкі нарықты қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Атап айтқанда, жекелеген қондырғыларда ақаулардың туындауы туралы ұсынылған деректердің негізінде Қ. Бозымбаев мұнай өнімдерін өндіру қондырғыларын орнату мерзімдері орындалмауы мүмкін екендігін ескертті.

Кеңес қорытындылары бойынша министр 8 қарашаға дейінгі мерзімде жоғары октанды бензинді шығару қондырғыларын және қысқа мерзімде дизель отынын шығару қондырғыларын іске қосу қажет екендігін атап өтті. 

Читайте также
Канат Бозумбаев: Моя судьба в руках президента, чего руки опускать?

«Бұл ретте, «ПМХЗ» ЖШС-ны жаңғыртуды аяқтаудың белгіленген мерзімдері сақталмаған жағдайда, министр топ-менеджерлерді атқаратын қызметтерінен босату туралы ұсыныс енгізетін болады. Павлодар және Атырау МӨЗ-деріне министр объектілерді жаңғыртуды созу тәуекелдерін анықтау үшін министрліктің комиссиясын жіберуді тапсырды», - деп жазады баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қазан күні Павлодар облысының әкімі Болат БАҚАУОВ Астанада ОКҚ баспасөз маслихатында Павлодар мұнай химия зауытын жаңғырту жұмыстары 1 қарашада аяқталады деп ауыз толтырып айтқан болатын. Ол 26 қазан күні зауыт жөндеуден өткеннен кейін сынақ жұмыстарын бастап кетіп және қуаттылығы 1 миллион тоннаға артады деген.

Ал кейін, 11 қазан күні президент энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялаған болатын.

«Отын жетіспеушілігінен құтылу үшін бағаға мемлекеттік бақылау орнатуды алып тастау ұсынылды. Алайда нарықта сол баяғы жетіспеушілік орын алып жатыр. Осыған байланысты үкіметтің ұсынысымен мен сізге сөгіс жарияладым. Бұл деген қызметтен босатумен бірдей шара», – деген еді НАЗАРБАЕВ.

Кейін журналисттер министрден мына жағдайға байланысты отставкаға өз еркіңізбен кету ойыңызда жоқ па деген сұрақ қойды.

Бозымбаев: «Мен осы үкіметтің министрімін. Менің тағдырым президенттің қолында Елбасы не десе, сол болады. Сондықтан үнжырғаны түсіруге болмас. Бар мәселені шешуіміз қажет. Осындай проблема үшін тезірек бұқарадан кешірім сұрауымыз тиіс. Бірақ та оған өзінің объективті себептері болған», деп жауап берді.

Ал президент сөгісі қызметте босаумен пара-пар деседе, Бозымбаев әлі өз орнында.

Фото: liter.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.