Қаз   Рус

2018 жылы теңге бағамы қандай болмақ

102 қаралды
0
Ратель
Пятница, 29 Дек 2017, 16:00

Мамандардың айтуынша, ит жылында теңге тұрақталып, қымбаттай түспек

2017 жыл теңгеміз үшін оңайға соқпады. Еркін айналымда болған ұлттық валюта қайта-қайта құлдырады. 1 долларға шаққандағы бағамы 310 мен 345 теңге арасында болды. 12 айды артта қалдырған соң, валютамыз жыл басындағы қалыпқа қайта түсті.

Бүгін қор биржасы биылғы жұмысын аяқтайды. Валютаның бүгінгі курсы 1 долларға шаққанда 331 теңгені құрап отыр. Бірақ қазір көпшілікті мазалап отырған сұрақ басқа: Келер жылы теңге бағамы қандай болмақ?

2017 жылдың басында бір “жасыл қағаз” 333 теңге тұрса, бүгінде оның бағасы небәрі 2 теңгеге кем. Мамандардың айтуынша, ит жылында теңге тұрақталып, қымбаттай түспек, деп жазады Stan.kz

“Шамамен 340-285 теңге аралығында, нарықтағы шикізаттың бағасына қарай болады. Ал Ресей валюта нарығында айтарлықтай құбылады деп ойламаймын. Келер жылы Қазақстанның теңгесі Ресейдің рублімен салыстырғанда әлдеқайда тұрақталады. Теңгенің рубльге шаққандағы бағамы шамамен 5 болуы мүмкін”, – дейді “Фридом Финанс” бас директоры Тимур ТУРЛОВ.

Ал бүгінде шикізат нарығының халі жақсы. Әсіресе, мұнай бағасы көтерілді. “Бренттің” бағасы бір баррельге – 66 доллар. Сарапшылардың пікірінше, АҚШ-та шикі мұнайдың запасы кемігендіктен, “қара алтынның” бағасы қымбаттауда. Бірақ келесі жылы жағдай өзгеруі мүмкін, дейді мамандар.

“Әртүрлі жағдай болады. Бірақ шамамен келесі жылы бір баррельдің бағасы 50-55 долларды құрауы мүмкін”, – дейді маман Сергей СМИРНОВ.

Әрине, мұның барлығы болжам ғана. Оның қаншалықты орындалатынын уақыт көрсетер. Сондықтан ұтылмас үшін, ақшаны әр валютада сақтаған жөн. Себебі біреуі құлдыраған жағдайда екіншісі оның шығынын толтырады.

Фото: today.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера