Қаз   Рус

Банктер неге қарызды кешіре алмайды

812 қаралды
0
Ербол АЗАНБЕК
Понедельник, 13 Ноя 2017, 16:00

Қазақтар кредитке батып қалыпты, тегін кредит берейік демейді

Өткен екі аптада банктерге қатысты бірнеше пікір оқыдым, 11,3 тиынымды қоса кетейін.

Пікір: Біздің банктер шаршатты, шетелдік банктер тезірек келсе екен.
Келсе де айтарлықтай өзгеріс болмайды. Шетелдіктер бизнес жасауға келеді. Олар үшін біздің нарық қосымша клиент қана. Қазақтар кредитке батып қалыпты, тегін кредит берейік демейді. Қызмет көрсету сапасы жақсарады деген де аңыз. Заң, оларға берілетін мүмкіндік, нарықтағы жағдайлар, олар жұмысқа алатын қызметкерлер ортақ болғандықтан, алғаш келгенде жарнамасы үшін жалаулатар, бірақ, бәрібір біздің банктердің деңгейіндей-ақ болады.

Читайте также
Казахстанские банки незаконно наживаются на клиентах

Пікір: 4 банкке мемлекет қолдау көрсетті, банктер өз кезегінде 1 млн теңгеден төмен кредитті кешірсін.
Мұндай пікірдің бірден қолдау табарына күмән жоқ. Тіпті осы пікірді жазған адам қайраткер болып шыға келсе таңғалмаймын. Мемлекеттен қолдау алған банктер тіпті кешіргісі келсе де, кешіре алмайды. Өйткені бөлінген қаражаттың мақсаты бөлек. Кешіру үшін заңға өзгеріс енгізу керек. Мақсатты қаражат бөлуі керек. Бірақ мұндай ешқашан болмайды. Кешіруі керек деген ойдағы адам көп болса, біз ешқашан алға жылжымаймыз. Болмауы да керек. Экономист, қаржыгерлерден себебін сұраңыз.

Пікір: Банк не үшін комиссия алады?
Банктер тегін қызмет көрсетуі керек деген пікірлерді көп оқимын. Латынға аударатын конвертор ғана тегін болуы керек деп санаймын))) Банктер не үшін комиссия алмауы керек? Банктер жалақы төлеуі, жалға ғимарат алуы, қаражатты тасымалдауы керек, ІТ шешімдер, осы сияқты толып жатқан шығындар бар. Ақша тауар. Банк оны көбейту, сақтау, сату, айырбастау, қарызға беру бойынша қызмет көрсетеді. Бұлар үшін комиссия алуға құқығы бар. Нарық заманында өмір сүріп, тегін болуы керек деген талап сәл «нелеу».

Пікір: Банктер қайырымдылық көрсетпейді
Қазақстанда әлеуметтік жауапкершілігі жағынан ең бірінші орында банктер. Яғни, ең көп қайырымдылық көрсететін банктер. Бірақ ол көп жағдайда айтылмай істеледі. Өйткені БАҚ-на жіберсең мұндай материалды жарнама дейді. Мынандай қайырымдылық істедім деп жарнама беру адамдар арасында күлкі, сенімсіздік тудырады. Сондықтан, айтыла бермейді, жазыла бермейді. Бұл тақырыпты зерттеп, сараптап жазған ешкімді көрмедім. Бірақ, банктер қайырымдылыққа көңіл бөлмейді дегенді көп оқимын. Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары компаниялар тізімін жасаңыздар. Бәрі анық болады.

Дереккөз: Ербол Азанбектің Fasebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды. 

Фото: inform.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.