Айсәуле Бақытбек еліктегіш бойжеткендерді сынға алды
Канаданың Анахайм қаласында демалып жүрген Баян АЛАГӨЗОВАНЫҢ қызы Айсәуле БАҚЫТБЕК Instagram парақшасында заманауи әлеуметтік желілердің адам өміріндегі алатын орны туралы айтып, пиар үшін бәріне баратын қыздарды сынға алды.
«Блогерлер аудитория жинау үшін ойларына келгендерін істеп жатыр. Жеке өз өмірлерінің құпияларын жаһанға жариялап, жалаңаш суреттерін де салады. Ішкен-жегендерін де көпшілікке көрсетеді. Бұның бәрі көпшілікке ұнау үшін жасалады. Бұндай қыздар өздеріне көңілі толмайтын жалғызсыраған жандар. Ең бастысы, жәлептер ғасырында өзіңді жоғалтып алмау керек», - дейді Айсәуле Бақытбек.
Сөз соңында ол өзінің оқырмандарына ақыл айтқан.Жүздеріңді маскімен жаппай бұл өмірде өз рөлдеріңді ғана сомдаңдар деп.
«Мальдива жағалауында демалып жатқан омырауы көз тартар модель болмасаңда сен өзіңше көркемсің! Һәм Сұлусың!», - деп сөзін қорытындылады Баянның қызы.
Фото: Instagram.com.