Атышулы продюсер жұртшылықтың назарын өзіне тағы аударды
Еліміздегі ең танымал Instagram парақшасының иесі өзінің күйеуіне дефиле керек екендігін айтып, қысқа видеожазбаны жариялады.
Көптеген оқырмандар продюсерді атышулы ресейлік медиажұлдыз Диана ШУРЫГИНАМЕН салыстырып, күйеуін түрмеге жеткізген Баян АЛАГӨЗОВАҒА табынатын халықты түсінбейтіндерін айтты.
Сонымен қатар, кейбіреулер жазбаның жаңа «СиСиТай» мюзиклінің түсірілімінен болған репортаж деседі.
Еске сала кетсек, жаңа «СиСиТай» атты отандық мюзикл үлкен экранға 2018 жылдың наурызында шығады. Фильм ән айтуды жақсы көретін жасөспірім СиСиТай атты қыз туралы.
Суретте: «СиСиТай» мюзиклінің түсірілімінен көрініс.
Қарапайым өмірдегідей, әкесі қызының әнші болуына қарсы. Бірақ қызы ештеңеден тайсалмай, музыка үшін жаралғанын дәлелдеуге тырысады. Сөйтіп жүргенде бір продюсермен танысады.
Фильмге Әйгерім МЕРГЕНБАЕВА, Баян МАҚСАТҚЫЗЫ мен Турсенғали АЛАГӨЗОВ, Кәмшат ЖОЛДЫБАЕВА, «Алау» тобының әншілері: Ержан МҰҚАТАЕВ, Ербол САЛЫҚБАЕВ, Әсет АРЫСТАНБЕК және Хамит САТАЕВ түсті.
Картинаның режиссері – ЕРНАР Нұрғалиев, қоюшы-операторы – Алехандро ЧАВЕС.
Отандық мюзикл үлкен экранға 2018 жылдың наурызында шығады.
Фото: Instagram.com