Танымал блогер ресейлік журналиске өзінің табысы туралы айтып берді
Жақында Айжан БАЙЗАҚОВА Астанада өткен Astana Makingmoney Summit атты бизнес форумде әлеуметтік желілерге арналған сессияға қатысты.
Шараға арнайы қонақ болып келген танымал ресейлік журналист Юрий ДУДЬ Айжаннан сұхбат алып, қанша ақша табатынын сұрады.
"Инстаграмға 2012 жылы тіркелдім, бас кезінде артық ештеңе жарияламайтынмын. Бір күні құрбым менің қазақ тілінде боғауыз сөз айтып жатқанымды видеоға түсіріп, жариялады. Осыдан кейін жұрт шулап, бәрі менің парақшама жазыла бастады. Біздің халыққа балағат сөздер, ашық-шашық түскен суреттер керек. Оған дейін пайдалы дүние жазғанымда ешкім елемейтін, қызық емес өйткені.
Менің тұрақты табысым жоқ, желідегі бір пост үшін 2 мыңнан 5 мың долларға дейін аламын. Айыңа 15 мың доллардай шығады. Жарнаманы жиі жасаймын деп айта алмаймын. Айына 2-3 пост қана ", — деді Байзақова.
Сонымен қатар, ол өзінің желідегі әрекеттерін сөз етті. Оның айтуынша, оған қазақ тілінде балағат сөздер айту ұнайды. "Негізі, екі тілде де – қазақша, орысша айта беруге болады. Бірақ қазақ тілінде боқтаған жақсы".
Фото: today.kz, sputnik.kz.