Қаз   Рус

Қызылордада тұрғын үйлер құрылысы тоқтап тұр

156 қаралды
0
Айнұр ТӨЛЕШОВА
Пятница, 19 Янв 2018, 17:00

«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы жүзеге аспай халық өз қаражатына баспана салып жатыр

Қызылордада «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында салынып жатқан 35 пәтерлі бес тұрғын үйдің құрылысы тұралап қалды. Жұмыстың аяқсыз қалуына 2015 жылы орын алған төтенше жағдай себеп болды болды дейді мамандар.Облыс орталығындағы «Шұғыла» мөлтек ауданында орналасқан үйлердің бетон жабындысы құлап, бір азамат қирандылардың астында қалып қойған болатын. Орын алған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сот процесі жүргізілді. Нәтижесінде қосалқы мердігер болып табылатын «Ердани К» компаниясы кінәлі болып танылып, лицензиясынан айырылды. Ал, учаске бастығы болған азамат 2 жыл бас бостандығынан шартты түрде айырылған еді.

«Құрылыстың бас мердігері «Дәнекер» мекемесі болатын. Біз құрылысты әуел баста бекітілген жоба негізінде жүргізген болатынбыз. Кейіннен бұл жобаның қате жасалғанын мемлекеттік және тәуелсіз сарапшылар дәлелдеді. Алайда, бұл жәйтқа назар аударған ешкім болмады. Сот процесі кезінде көптеген дәлелдерді келтірдік. Алайда бізді кінәлі деп тапты, Біз жоба бойынша жұмыс жасағанымыз үшін айыпты болып қалдық. Негізінен тергеу дұрыс жүргізілген жоқ», - дейді «Ердан и К» компаниясының директоры Нұрлан ОСПАНОВ.

Төтенше жағдайдың орын алғаннан бері арада 2 жылға жуық уақыт өтті. Яғни, тұрғын үйдің құрылысына республикалық бюджеттен бөлінген 2 миллиард теңге қаражат игерілмей қалды.

«Қазіргі таңда құрылыс бойынша қоршау және тіреу жұмыстарына жоба жасалынып жатыр. Құрылыс  «Береке» ЖШС-нің теңгеріміне өтті. Құрылыстың тоқтап тұруының басты себебі, кезінде жасалынған жоба-сметалық құжаттарына қайтадан сараптама жасалынып жатыр. Сарапта оң қорытындысын бергеннен кейін, құрылыс аяқталатын болады», - деді Қызылорда облыстық мемлекеттік сәулет – құрылыс басқармасының бас маманы Амантай ҰЗАҚБАЕВ.

Уақымды «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы 2012 жылы баста алып, сол үшін арнайы «Жол картасы» әзірленген болатын. Былтырғы жылғы мәлімет бойынша Қызылорда облысында 26 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр екен. 2017 жылдың соңғы он айында облыс халқының өз ақшасына баспана салу көрсеткіші 18 пайызға өскен. 

Фото: abctv.kz, автордікі.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера