Қаз   Рус

Қылмыстық топты «қамқорлығына» алған прокурор мен полиция полковнигі сотталды

2635 қаралды
0
Антон СЕРГИЕНКО
Понедельник, 05 Фев 2018, 16:00

ШҚО Мемлекеттік кіріс департаменті, экономикалық тергеу қызметі басқармасының бұрыңғы басшысы халықаралық іздеуде

Жұма күні 2-ақпанда Шығыс Қазақстан облысында  ауданаралық мамандандырылған сотта ұйымдасқан халықаралық қылмыстық топтың үкімі шықты. Олар заңсыз құмар ойын бизнесімен айналысқан. Қылмыскерлер қатарында полиция офицерлері де бар.  

Оқи отырыңыз
Өскемен әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды

Тергеушілер Әділбек АКЕНОВ, Анатолий ДИОНИСИАДИ, Михаил ПОНЬКИН, Вячеслав ПРИХОДЬКО, Антон ТУТУНКИН, Игорь СИДОРОВ, Ермек СЫДЫҚОВ және Рустам ӘМРЕНОВҚА халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып таққан.

Мемлекеттік айыптаушылардың пікірінше, бұл топты ұйымдастырушы Әділбек Акенов пен Анатолий Дионисиади. Рустам Әмренов, Ермек Сыдыков (полиция полковнигі және 1-санаттағы заңгер) өз қызметтерін пайдаланып, қылмыстық топты қамқорлықтарына алған.

Ratel.kz былтырғы жылдың мамыр айында бұл туралы жазған болатын. Сол кезде Өскемен прокуратурасының аға прокуроры Рустам Әмренов пен ШҚО, Зырян аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ермек Сыдықов уақытша тергеу абақтысына қамалған болатын. Оларға қызмет бабын асыра пайдаланып, өңірдегі жасырын құмар ойынханалар бизнесіне қамқорлық көрсетті деп күдікке ілінген еді. 

- Өткен жылдың қазан айынан бері ШҚО-ның прокуратурасы заңсыз ойын бизнесімен айналысу дерегін тексеріп жатыр. Белгілі болғаны, қылмысты трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған. Оның ұйымдастырушысы - Ресей Федерациясының азаматы.Сондай-ақ, қылмыстық топқа Зырян АІІБ-нің бұрынғы басшысы мен Өскемен прокуратурасының аға прокуроры көмектескен. Көрсеткен қамқорлығы үшін олар қылмыскерлерден 150 мыңнан 800 мың теңгеге дейін сыйақы алып отырған, - деген еді 2017 жылы мамыр айында ШҚО прокуратурасының ресми өкілі Болатхан НҰРЫШКЕНОВ.

Сол кезде прокуратура өкілі бұл қылмысқа қатысы бар тағы да полиция қызметкерлері болуы мүмкін деген еді. Сондай-ақ, ШҚО Мемлекеттік кіріс департаменті, экономикалық тергеу қызметі басқармасының бұрыңғы басшысы Олжас ОРАЗҒАЛИ әлі күнге дейін халықаралық іздеуде.  

 «2014 жылдың басында  Дионисиади, Акенев және Ресей азаматы ЧЕРНЫХ ҚР заңына қайшы келседе трансұлттық қылмыстық топ құрды.Олар «Лотерея» ойнатқан болып заңсыз ойынханаларды құруды жоспарлаған. Жымысқы жоспарларын өздері іске асыра алмайтындарын білген олар 2014-2016 жылдары қатарларына Алтынбаев, Приходько, Тутункин,Сидоров, Кошелев және Понькинді тартқан. Кошелев және Понькин Дионисиадидің тапсырмасымен күн сайын Черныхқа есеп беріп, оған өз үлесін салып жіберіп отырған. Сондай-ақ, істерін жалған құжаттар арқылы жүргізіп отырған,- деді сотта мемлекеттік айыптаушы.

Алайда, сот отырысында айыпталушылардың бірі де тағылған айыптармен келіспеді.

Судья Қуаныш ЗАБЕНОВ қылмыстық топты ҚР ҚК-нің 264 мен 307 баптар бойынша кінәлі деп тапты. Анатолий Дионисиади 11 жылға, Әділбек Акенев 8 жылға бас бостандығынан айрылды. Ермек Сыдықов пен Рустам Әмренов 12 жыл 3 айға кесіліп, шендерінен айрылды. Қылмыстық топтың қалған мүшелері 4 жыл 3 айға түзету мекемелеріне тоғытылады.Судьяның үкіміне сәйкес барлығының дүние-мүлкі де тәркіленетін болады.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!