Қаз   Рус

Өскемен әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды

640 қаралды
0
Антон СЕРГИЕНКО
Пятница, 02 Фев 2018, 18:00

Сотта Расул Манапов судьядан түрмеге жаппауға және айыппұл салмауын сұраған

Бейсенбі күні 1-ші ақпанда Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Расул МАНАПОВТЫҢ сотқа тартылғаны белгілі болды. Оған пара алмақшы болды деген айып тағылған. Яғни ҚК-тің 24 бабы, 3 және 366 баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Оқи отырыңыз
Баланың өліміне кім жауапты

 

№2 Өскемен қалалық сотының судьясы Мырзағали АРГИМБЕРДЕ Расул Манаповтың ШҚО, Ұлан ауданы әкімінің орынбасары болып жүрген кезінде мемлекеттік қазыналық коммуналды «Дарын» кәсіпорны директорынан пара алмақшы болғанын анықтады. Шенеунік экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне жетекшілік етіп және аудандық бюджет комиссиясы төрағасы орынбасарының қызметін де қатар атқарған.  

Ол мәдени мекеменің бюджетін көбейту үшін 450 мың теңге талап еткен. Және алдағы күні өзінің қамқорлығында болатынын айтқан. Осыдан кейін аудандық бюджет комиссиясының шешімімен «Дарын» кәсіпорнына бірнеше траншпен мәдени шаралар өткізу үшін 4 миллион теңге аударылған. Бұның бәрі 2017 жылы болған оқиға.

Сол жылы Расул Манапов Өскемен қаласы әкімінің орныбасары болып тағайындалды. Және бірден «көзге түсті». Бұған дейін Ratel.kz шенеуніктің тәртібі этика жөніндегі кеңесте қаралғанын жазған еді. Қала тұрғындары шипажайда Расул Манаповтың көлігін көріп қалып, әлеуметтік желіде қызу талқылаған болатын.

Алайда, ол қатаң сөгіспен құтылған болатын. Артынша бір-екі аптадан кейін Өскемен әкімі Қуат ТҰМАБАЕВ оны қызметтік көлігінен айырған еді. Жақсы жағынан көзге түсу үшін «тәртіп бұзған» орынбасар түрлі қара жұмыстарға да араласып кетті. Бос уақытында қала алаңын тазалап, су бұрқақтарын жаңарту жұмыстарын жеңін түріп тұрып жасады. Шенеуніктің бұндай қарапайымдылығына жұмысшылар таңғалған еді.

Артынша ШҚО жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро қызметкерлерінің шенеунікті тексеріп жатқандығы анықталған. Сол кезде Өскемен қаласы әкімдігі баспасөз қызметі тергеу жұмыстары Манаповтың қазіргі қызметімен байланыс емес деп мәлімдеген.

Іс материалында жазылғандай Манапов «Дарын» кәсіпорны директорына қоңырау шалып, келісілген ақша 450 мың теңгені сұрағанда ұсталған.

2017 года 13-ші желтоқсан күні Өскемендегі сәулет бөлімінің кеңсесінде пара алып жатқан жерінде тұтқындалған. Шенеунік сот та өз кінәсін мойындады. Жасаған қылмысына өкініп түрмеге қамамауды сұрады. Және айыппұл салған жағдай да төлей алмайтынын да айтты.

Сот Расул Манаповты бір жылға бас бостандығынан айырып, өмір бақи мемлекеттік қызметке тұру құқығынан айырды. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!