Қаз   Рус

Шыршаның ақшасы қайда кетті?

60 қаралды
0
Ратель
Пятница, 05 Янв 2018, 11:00

Теміртау халқы 11 млн теңгеге қалаға екі шырша алған әкімдіктің ұрлығын ашты

Теміртау халқы қаланы жаңа жылға безендірген билік өкілдеріне наразы,- деп жазады Stan.kz 31 арнаға сілтеп.

Сөздерінше, жергілікті қазынадан бөлінген ақшаға металлургтер шаһарында небәрі екі ақ шырша орнатылыпты.

Мерекелік шамдар мүлдем болмаған. Ал билік өкілдері қаланы безендіруді мойнына алған астаналық компаниямен соттасып жүргендерін айтады.

Теміртау жұртында жаңа жылдық көңіл-күй жоқ. Өйткені әкімдіктегілер ақшаларын үнемдеуге көшкен бе, әйтеуір қаланы безендіруге тырыспапты. Тіпті мейрамның ең басты көркі болып саналатын шырша да қаланың бірлі-екілі жеріне ғана қойылған. Оның өзін көрмедік деген тұрғындар наразы.

Жаңа жылды қарсы алуға дайындалмағандарын билік өкілдері де жоққа шығармайды. Дегенмен кінәні өздерінен көрмейді. Өйткені Теміртаудың безендірілуіне қазынадан 11 миллион 600 мың теңге бөлініпті. «Ал қаражатты игере алмаған мемлекеттік сатып алу конкурсын жеңген астаналық компания»,  - дейді.

Оқи отырыңыз
Рухани жаңғырудан жарыс

«Қарашаның соңында тендер өткіздік. Конкурстан ұтып шыққан компаниямен келісімшартқа отырдық. 25 желтоқсанға дейін олар екі шырша мен сегіз темір құрылғы орнатуы тиіс болған. Бірақ жұмыстар толық атқарылған жоқ»,-дейді Теміртау қаласы ТКШ бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы Низами ГАДЖИЕВ.

Қыруар қаржыны құрайтын жаңа жылдық безендірулер дәл осы көше бойында орнатылуы тиіс болған. Бірақ тендер ұтып алған астаналық компания Теміртау қаласы бойынша он екі метрлік екі шырша орнатып қана шектелді. Оның өзі кеш қойылып, жергілікті әкімдік бекіткен ережеге сай безендірілмеген.

Ал даудың ортасында қалған Астана қаласындағы компания келісімшартты бұзбадық дейді. Тіпті, тоғыз миллион теңгелік екі шыршамен бірге мерекелік шамдар да Теміртау қаласына уақытылы жеткізілді дейді.

«Біз жұмыстарды атқармасақ онда Теміртау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі қызмет көрсету актісіне неге қол қояды?!

Бізде барлық жерде, 11 миллион 600 мың теңгені құрайтын құжатта да қол қойылған. Сәйкесінше келісімшарт толықтай атқарылды деген сөз»,-дейді «Best Provider KZ» ЖШС заңгері Төлеген Шаимов.

Қалай болғанда да, он бір жарым миллионның тек жартысын ғана игерді деген компанияның үстінен Теміртау қаласының әкімдігі сотқа берді.

Егер тексеріс барысында жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өкілдерінің олқылық жібергені анықталса, компания екі жылға қызмет көрсету лицензиясынан айырылады.

Дереккөз:Stan.kz 

Фото: Stan.kz

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.