Қаз   Рус

Шымкенттік блогерлер Ratel.kz-ке ашулы

307 қаралды
0
Динара БЕКБОЛАЕВА
Среда, 22 Ноя 2017, 14:15

Онтүстік шенеуніктері жергілікті белсенділер арқылы тілшімізді жауапқа алмақ болды

Суретте ортада: Сүйін Абулда.

Осы жылдың 14 қарашасында Ratel.kz сайтында  «ОҚО әкімдігі Ғабидолла Әбдірахымовты тәлкек қылу үшін ақы төлеген бе?» деген мақала шығып,  өңірде ақпараттық дүмпу  басталды. Мақала шығысымен оның кейіпкерлері: облыс әкімшілігінің шенеуніктері мен қоғам белсенділерінің тәбеттері қашып, ұйқылары бұзылған сияқты. Тіпті Ratel.kz тілшісін  көпшілік алдында шықпыртып алғысы да келді.   

Читайте также
Акимат ЮКО платил за троллинг Габидуллы Абдрахимова?

Мақалада автор бір ғана мәселені көтереді. Тілші ОҚО ішкі саясат басқармасы жастарды патриоттыққа баулуға бөлген 2 млн 350 мың теңге қайда деп сауал тастайды.

Бұл тендерді 2017 жылдың сәуір айында «Мемлекет туы» Жастар одағы» қоғамдық бірлестігі ұтып алған болатын. Жастарды патриоттық сезімге баулуға бюджеттен бөлінген осынша қаржының қайда жұмсалғанын біз анықтай алмадық. Интернеттен «Мемлекет туы» Жастар одағы» қоғамдық бірлестігінің  атқарылған жұмыстары жөнінде есебі жазылуға тиіс сайтын да таппадық.

Мемлекеттік бюджеттен бөлінген 2 миллион 350 мың теңге құмға сіңгендей жоқ болып кетуі мүмкін емес қой.

Сондай-ақ, біз  тендер ұтып алған «Мемлекет туы» Жастар одағы» бірлестігі басшысы Сүйін АБУЛДАНЫҢ  Шымкент әкімшілігіне, оның бұрынғы басшысы Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВҚА шүйліккеніне тоқталғанбыз. Ол фейсбук әлеуметтік желісінде қаланың бұрынғы әкімі Әбдірахымовты өзіне пиар жасайды, қаланы басқара білмейді деп сынап посттар жазған. Қыркүйек айында Шымкент әкімдігінің алдында жалғыз кісілік акция өткізіп, «қаладағы проблемалар үшін» грамотасымен әкімді марапаттамақ болған.

Біз мемлекеттік тапсырыс пен Сүйін Абулданың   экс-әкімге соқтығуына ешқандай да паралель жүргізбедік. Алайда, осы екі факті мақалада қатар аталғаны ОҚО әкімдігінің тыныштығын бұзғандай.     

 Біздің мақала шыққаннан кейін, бірер сағаттан соң облыс әкімінің баспасөз хатшысы Бейсен ТӘЖІБАЕВ Ratel.kz тілшісінің WhatsApp-на «Ойхой, мынау қырғын тақырып Ғабиды жылатады ғой» деген хабарлама жібереді.

Оның не айтқысы келгені біздер үшін жұмбақ болып қалды.

Дүйсенбі күні 20-шы қарашада ОҚО ішкі саясат басқармасы басшысы міндетін атқарушы Сәбит ИСАБАЙ редакциямызға хат жолдады. Ол жерде тендерге берілген 2 миллион 350 мың теңге мен  Ғабидолла Әбдірахымовқа жасалған қарсы акция арасын ешнәрсе байланыстырмайды делінген.

Сейсенбі күні 21 қарашада азаматтық белсенді, «Мемлекет туы» Жастар одағы» бірлестігі басшысы Сүйін Абулда тендерден алған ақшаның қалай жұмсалғаны туралы айту үшін баспасөз мәслихатын өткізді. Әйтсе де, мемлекет қазынасынан бөлінген ақшаға есеп берудің орнына, Ratel.kz тілшісінен жауап алғысы келіп, аузына келгенін айтты. Әріптесімізді сауатсыз, тәрбиесіз, тіпті ақылға қонымсыз дүниелер жазасың деп айыптағандар болды. Сүйін Абулданың  кейбір қолдаушылары әріптесімізді  ақшаға сатылатын журналистке  жатқызғысы да келді. Тек аудио жазбаның жүріп жатқаны естеріне түсіп, өз сөздерін өздері жұтып жатты.

Оқи отырыңыз
ОҚО әкімдігі Ғабидолла Әбдірахымовты тәлкек қылу үшін ақы төлеген бе?

Бір таңғаларлығы республикалық белгілі БАҚ-ның бір де бір өкілі баспасөз мәслихатында болған жоқ. Сол жерде болған журналистер тек С. Абулданың  әрбір сөзін мақұлдаумен болды. Ratel.kz тілшісі сұрақтар қойып, тендерге бөлінген ақшаның есебін қағаз жүзінде көрсетуді сұрағанда, басқа журналистер әріптестерін неше түрлі сұрақпен төпелей бастады.

Жиналғандар: «сен өзіңді допроста отырған прокурор немесе КНБ тергеушісімін деп есептейсің бе», деп оталды.

Қоғамдық ұйым басшысы обалы не керек, қандайда бір құжаттарды көрсеткісі келді. Алайда, онымен танысудың реті келмеді. С. Абулданың ерікті қорғаушылары оны айнытып тастады.

 - Сен неге оның алдында есеп бересің? Сен өз құқығыңды білмейсің бе? – деп азаматтық белсендінің қолдаушылары ұрыса бастады.

Бұдан әрі жиналыс әңкі-тәңкі дабыраға ұласып, әркім Ratel.kz-ке деген өкпесін айта бастады.

Оңғар ТӘЖІЕВ атты журналист порталға шыққан мақала Оңтүстік Қазақстан облысын масқаралады деп, жасы егде әріптесіміз неге мақала авторы кешірім сұрамайды деп таңғалды.

-  Сен осы жерде жалғыз ақылды сияқтысың ғой? – деп ызаланды зейнеткер.

- Сұрақтарыңды шұқып, айналдырып қоя бересің қайта-қайта, - деді дауысын зорайта Қажы Батухан АБУЛДА (cуретте) – Біз саған сұрағыңды ауыстыр десек. Сен қайтпайсың, оны қайта айтасың!

Облыстағы бір сайттардың редакторы Әсет АССАНДИ бұндай сәтті жібермей, отқа май құйып отырды.

Фотода: сол жағында Әсет Әссанди, оң жағында Онғар Тәжиев.

Тілшімізге бір сағат шамасында осындай шабуыл жасалды. Бәлкім, журналистің журналистке қол көтеруіне заң рұқсат бергенде қаршадай ғана қызды өңкей еркек таяқтап алар ма еді.

Біз Ratel.kz-ке өкпе-ренішін, тіпті кәрін төккен әріптестерімізді жақсы түсінеміз. Бұл адамдардың барлығын ОҚО әкімдігі беретін мемлекеттік тапсырыс біріктіреді. Яғни, бұлар бір қазаннан ас ішіп отыр.

Мәселен,  бір қызға қыруар еркек айғайшы болған баспасөз мәслихатында ең белсенді болған Оңғар ТӘЖИЕВ 2017 жылы мемлекеттік ақпарат саясаты саласы бойынша үш бірдей тендер жеңіп алды. Ол дегеніңіз 7 миллионға жуық қаражат. Әрине, байқауды облыстық әкімшілік жүргізді.

Әсет Әссанди де ОҚО әкімдігінен  биылғы жылы бір ғана мемлекеттік тапсырыс алмаған.  Ең қомақты тендері 4,4 миллион теңге болса, ең азы 2,6 миллион. Бұл тендерлерді «Алтын Алқа» баспасы ұтып алған. Әрине, оның иесі – Ассанди.

Ratel.kz тілшісіне соқтыққандардың бірі «Ел бірлігінің» өкілі Қажы Батухан АБУЛДА. Айтпақшы, «Ел бірлігі» атты қор 2017 жылдың тамыз айында 2,6 миллиондық тендер ұтып алған. Бұл ақша мемлекеттік ақпараттық саясатты БАҚ арқылы насихаттау үшін жұмсалады.

Читайте также
Государственные тролли

Біз әріптестеріміздің облыс абыройы мен мамандығымыз үшін қам жейтіндеріне шүбә келтірмейміз, олардың шырылдағаны да сол себептен шығар.

Бұл баспасөз мәслихатында анықталғаны, жастар одағының өткізген шаралары туралы республикалық ірі БАҚ-ры ақпарат таратпады, түсірген фотолары мен видеоларын да ешбір белгілі ақпарат құралдарынан көре алмадық. Абулданың сөзіне сүйенсек, бұл шаралар туралы материалдар аудандық әкімдіктірдің  Facebook-тегі парақшалары мен жазылушылары 10 мыңға да жетпейтін бір-екі сайтқа шыққан.

Ал күнгейдегі мыңдаған жастар 2 миллион 350 мың теңге жұмсалған патриоттық шаралар туралы қайдан біледі?

Риторикалық сауал.

Сөз басында айтылған сауалдарымызға жауап ала алмадық. Бюджеттен бөлінген қаражаттың есебін көрсететін құжаттарды да көрмедік.

Сондықтан да бұл мәселенің басы әзірше ашық күйінде қалады.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы врачи ГКБ №7 полностью реабилитировали пациента после тяжелейшей травмы таза и мочеполовой системы
- Больше похоже на PR-акцию чем на правду. Обычно в ГКБ-7, как и в других больницах, редкостные с... Меня пару раз привозили туда при острых приступах воспаления поджелудочной. Могли бы просто прокапать, но каждый раз делали кучу анализов, потом отправляли подальше. Один раз даже в инфекционную... Каждый раз там в приемной куча больных ором орет от равнодушия врачей...
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)