Қаз   Рус

Психолог: Бізде адамдар біреудің құпиясын білгісі кеп тұрады

1618 қаралды
0
Сырым ИТКУЛОВ
Среда, 14 Фев 2018, 11:30

Телефон нөмірлері арқылы кімнің кім екенін анықтайтын Getcontact қосымшасы Қазақстанда дау-дамай тудырды

Қазнет қолданушылары арасында танымалдылыққа ие болған қосымша арқылы қолданушылар таныстарының нөмірлерін тексеріп, оларға қатысты жеке мәліметтерді білген. Мысалы, мекенжайы, жұмыс орны: ол Әлішер деп сақталып тұрса, қосымшада Әлішер, Абай көшесі, 99, №99 пәтер деп көрсетілген. Қазіргі уақытта Getcontact қосымшасына кірген кезде тек логотип көрініп тұрады.

"Қазақстан Республикасы аумағында GetContact қосымшасына шектеу қойылды, себебі жеке мәліметтерге қатысты заңбұзушылық деректері анықталды. Министрлік ҚР байланыс туралы заңына сәйкес, шектеу қоюға бұйрық шығарды ", - деп хабарлады Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде.

Аталған қосымша бейтаныс қоңырау шалушының аты-жөнін көрсетумен қатар, кез келген нөмірдің басқа абоненттерде қалай сақталғанын да білуге мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз
Марк Дакаскос: Енді қазақ болғым келеді

Көптеген қолданушылар бұл қосымша адамдардың жеке басына қатысты мәліметтерді жариялап, құпиялылығын бұзады деген пікірде. Себебі қосымшаны жүктеп алушылар өз тізімін қолдануға рұқсат береді.

Қосымшадағы деректер ерлі-зайыптылардың көңілдестерін немесе өткен шақтағы әрекеттерін әшкерелеп, жанжалға себеп болған. Оны әлем бойынша 5 миллионға жуық қолданушы жүктеп үлгерген.

Әртүрлі елдерде жүздеген мың пайдаланушының өмірін қиындатқан қосымша GetContact-тың құпиясы неде?

Егер адам GetContact-ке тіркелсе, ол өзінің контактілерімен байланыса алады, сол арқылы қолданба дерекқорын толтырады. Одан кейін іздеу жолына ұялы телефон нөмірі жазылады және бұл қосымша абоненттің басқа адамдармен контактілерінде қалай жазылғанын көрсетеді.

Бірақ бұл тек осы «тыңшы» қосымшаны қолданатындарда ғана көрінеді.

Дегенмен, бастапқыда мұның пайдасы да болды. Сізге белгісіз нөмірден телефон шалса, кім екенін білгіңіз келсе, дәл осы GetContact көмекке келеді. Нөмірді теріп іздесеңіз, қоңырау шалған адамның есімін біле аласыз.

Бірақ, уақыт өте келе бұл қосымша шынымен де қауіпті екенін аңғартты.

1news.az-тің хабарлауынша, GetContact-тың пайдаланушылары өздерінің жұбайларының сатқындықтары туралы білген. Бір әйелдің күйеуі көңілдесінің есімін ер адамның атымен сақтаған.

Ал келесі бір ару өз сүйіктісінің үйленген екенін осы телефон қосымшасы арқылы біледі. Дегенмен бұдан ол қыз өзінің алданғанын білгені үшін де, бұл қосымшаның артықшылығын бағалау керек болады.

Әйел қызығушылығы – қорқынышты күш, сондықтан қазір қыздар өздерінің сүйіктілерінің адалдығын сынау үшін жаппай бағдарламаны орната бастады.

Біз GetContact қосымшасының отбасыларға тигізетін кері әсері жайлы психолог Гүлім НҰРАБЕКҚЫЗЫНЫҢ ойын білдік.

«Жалпы менің ойымша, бұл өте қызық нәрсе. Бір күннің ішінде бүкіл қазақстандықтар у-шу шығарып, тіпті бөтен адамдардың нөмірлерін білу мақсатында жаппай өздерінің ұялы телефондарына қосымшаны жүктей бастады. Бұл да бір менталитеттің көрінісі шығар. Еуропа елдерінде бұндай жаңалықтың жаппай қоғамның назарына ілігуі екіталай.

Ал біз бөгде адамдар жайлы құпия ақпаратты білуге сондай бір аса бейімділік танытамыз. Отбасы туралы айтатын болсақ, жұбайлар GetContact секілді қосымшаларға аса көңіл аудармауы тиіс. Өйткені, мен өз басым өткенде бір адамды кездестірдім: ол жай ермек үшін телефонындағы некеде тұратын жігіттерді «жаным», «күнім» деп атын ауыстыра бастады. Естеріңізде болса, Instagram енді пайда бола бастаған кезде әйелдер тура осылай жігіттері жазылған қыздар жайлы сұрап, шу шығаратын. Бірақ уақыт өткелі оның ешқандай қаупі жоқ екеніне көздері жетті. Сондықтан, бұған тек аса көңіл аудармауы тиіс», - дейді психолог.

Бірақ бұл тек алданған әйелдерге қатысты емес. Мұнда неғұрлым маңызды нәрсе бар: мысалы, медициналық құпияларды ашу.

Әзірбайжанда гинеколог дәрігер өз пациенттерінің аты мен диагнозын жазады. Нәтижесінде қыздық пердесін қалпына келтіріп тұрмысқа шыққан пациенттің біреуі күйеуімен ажырасып кеткенін біледі.

Фото: Instagram.com.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!