Қазақ тілін қорғап ұлттық компаниямен соттасқан қоғам белсендісі, енді қырғыз тілінің қамын жеп жүр
Өткен жылы мемлекеттік тілде қызмет көрсетпегені үшін «Эйр Астана» әуе компаниясын сотқа беріп, женіп шыққан Оғыз ДОҒАН Қазақстан жұртына кеңінен танылған еді. Енді ол көрші елдің мемлекет тілінің құқығын қорғауға кіріскен сыңайлы.
Өзінің Facebook парақшасында түрік азаматы Қырғызстандағы тау-шаңғы курортында демалыста жүрген видеосын жариялады. Журналист әрі қоғам белсендісі қырғыз тілінде қызмет көрсетпеген шипажай қызметкерлеріне наразылығын білдіріпті.
«Осы жер, Бішкек Чуңкурчактағы шаңғы нысаны...
Кеше ұлым Едігемен шаңғы тебуге келсек, кассадағы əйел қоймай орысша сөйлейді. Билеттің бағасын да айтқан жоқ!
Ақшам қолымда 10 рет "Қанша төлеймін?" деп сұрасам, ол маған 9 рет "бла бла"сымен жауап берді де, ақыры мен "Осы жер Россия емес, Қырғызстан. Қырғызша сөйле!" дегенде ашуланып терезені жауып кетіп қалды! Орын алған жағдайды айтуға курорт бастығын тауып үлгерсем де, шовинист Саша маған "Қырғызстан екі тілді мемлекет" деген ертегісінен басқасын айтпады! Манастың ұрпағы менің қырғызым мал ма бұларға!!!!», - деп жазды ол.
Интернет пайдаланушылардың көбісі белсендіге қолдау білдірді.
Фото: Facebook.com.