Қаз   Рус

ОҚО-да шенеуніктің әйелі миллиондаған тендерді қалай алып жүрген

13933 қаралды
0
Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ
Вторник, 06 Фев 2018, 14:30

Журналистер облыс әкімінің баспасөз қызметі жетекшісінен отбасылық бизнесі туралы сұрағанда оның денсаулығы кенеттен нашарлап кеткен

Мемқызметкердің айтуынша, әйелінің тендер ұтып алуына қызметтік мансабының еш септігі тимеген.
Әйелінің бизнесі туралы сұрақтан соң денсаулығы нашарлаған мемқызметкердің ОҚО әкіміне қандай қатысы бар? 

Оңтүстік Қазақстан облысында ақпараттық сала арқылы мемлекеттік тапсырыстарды кімдер алып отыр? Қыруар қаржыға бөлінген тапсырыстар қай деңгейде орындалуда? 

Ratel.kz  тілшісі бұл сұрақтарға жауап іздемек болып, арнайы зерттеу жүргізіп көрді. Қазынадан бөлінетін қаржы арқылы тапсырыс алғандардың қатарында ОҚО әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Бейсенбай ТӘЖІБАЕВТЫҢ жұбайы Жанар МАРХАБАЕВА да бар.

Бір қызығы, аймақ басшысы Түймебаев мырзаның басты "пиарщигі" Бейсенбай ТӘЖІБАЕВ  жары Жанар Мамайқызының қанша тендер алып, мемтапсырыс арқылы алған қаржы көлемін білмеймін деп ат тонын ала қашты.

 

Мемлекеттік тапсырыс арқылы қалтасын қалыңдатып отырған Мархабаева ханымның атында "Астана Times"  деген атпен тіркелген жеке кәсібі бар. 2017 жылы "Астана Times" ЖК ОҚО ішкі саясат басқармасы арқылы ақпараттық саясатты насихаттау мақсатында 2 млн 400 мың теңге көлемінде тендер ұтып алған.

Іскер әйел үшін бұл тендерді ұтып алу оңайға соқпаған секілді. Алғашында  "Астана Times" тапсырыс берушінің талабына сай келмеуіне байланысты жеңіске жете алмайды. Бірақ көп ұзамай арнайы шақырту арқылы бағы сыналған мекеме конкурс жеңімпазы боп шығады. "Астана Times" мекемесіне «Қаз дала» ақпараттық агенттігі тіркелген. Онда расымен де әкімдіктің жұмыстарын насихаттайтын "мақтаулы" ақпараттар жария етілген. Тек ол ақпараттар тендер алған әйел азаматының күйеуі жетекшілік ететін баспасөз қызметі таратқан баспасөз релиздері екенін айта кету керек. Ал ішкі саясат басқармасы мен тапсырысты орындаушы арасындағы келісімшартта тендер тапсырмалары авторлық ақпараттар болуы тиіс деп тайға таңба басқандай көрсетілген.

Сондай-ақ, kazdala.kz сайттың zero.kz-гі рейтингі өте төмен. Шамасы бір күн ішінде бұл сайтқа кірген біз ғана болдық. Әйткенімен, оқырманы болмасада кейбір мақалалардың оқылымы он мыңға жеткен.

«Шығарып жүрген журналдар, бұрыннан да қатысып жүр ғой тендерге. Шектеу жоқ оған. Менің облысқа келуімнің соншалықты қатысы жоқ. Мен көмектескен жоқпын. Не үшін көмектесем? Көмегім жоқ, әрине. Сен менің отбасыма қатысты нәрселерге неге сонша қадалып алдың? Жетеді ғой басқа "темалар". Бір-бірімізге сөйтіп шұқылап тиісуіміз керек пе міндетті түрде? Әріптеспіз бір- бірімізбен. Сен келесің де маған қадалып, анау не, мынау не деп... Екеуміз  әріптес ретінде, кәсіби тұрғыда жақсы араласамыз. Қазір ауырып тұр едім, енді  одан бетер.." деген Бейсенбай Тәжібаевқа әйелінің бизнесі туралы қойылған сауал  шымбайына батқан секілді.

Жанар Мархабаеваның ОҚО әкімдігінен мемлекеттік тапсырысты жолдасының әкімдіктегі қызметке отырған соң алуы да күдік туғызды. Ашық дереккөздерде бұған дейін Жанар Мамайқызының мемтапсырысты орындағаны туралы мәліметті таппадық. Дәл өткен жылы Жанар Мархабаева Ақтөбе облыстық статистика департаменті арқылы 1 млн 018 мың теңге көлемінде тендер ұтып алғанын айтпай кетуге болмас. (Анықтама: 1. 018 млн теңге - ол лот құны. ЖК  Астана Times байқауға 2018 жылы қатысқанда ең төмен баға ұсынған - 244 733 теңге)

Бейсенбай  Тәжібаевтың жұбайы Астанадағы «Керемет Kids» балалар журналының редакторы болып шықты. Бұл мәліметті редакциядағылар растап, тіпті ұялы байланыс нөмірін де берді. Журнал редакторы Жанар ханымға хабарласып, сауалымызды қойғанымызда ол өзін Жанар емес, Айгүл есімді әйел азаматы деп таныстырды. 

Жанар Мархабаева қызмет ететін «Керемет Kids» журналы «Керемет Баспа Үйі» ЖШС-іне тиесілі. Бұл серіктестік тек былтыр ОҚО әкімдігінен 6,6 млн теңге көлемінде мемлекеттік тапсырыс алған екен.  

P.S. Еске сала кетсек, былтыр ОҚО әкімдігіне қарасты ішкі саясат басқармасының басшысы Болатбек Төлеген мемлекеттік тапсырыс аясында бопсалау арқылы 2,1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен істі болды. Журналистермен тікелей жұмыс жүргізетін шенеунік сонау елордадан келген қонақтар қатысқан ауқымды іс шара соңында құзырлы орган қызметкерлерінің құрығына түскен еді. Бүгінде шенеунік ісіне әлі нүкте қойылмады. 

Сол жақта Болатбек Төлеген, он жақта Бейсен Тәжібаев.

Соңғы екі айдан бері Ratel.kz ОҚО әкімдігінен ішкі саясат басқармасы арқылы үлестірілген мемлекеттік тапсырыс алушылар туралы мәлімет алмақ болып хат та жіберген. Алайда жергілікті билік бұл мәліметтерді барынша құпияда ұстауға тырысып бағуда. Алғашында облыс әкімдігіндегілер бізге  тендер алушылар тізімі мемлекеттік сатып алу туралы ресми сайтта көрсетілген деп редакция сауалына жауап беруден  бас тартты. Ал екінші жолы біз орындалған жұмыстар тізімінің көшірмесін жіберу туралы сауалмен арнайы хат жолдадық. Одан бері бір айдан астам уақыт өтті,  облыстық әкімдіктегілер редакция жіберген хатқа  жауап беруге асығар емес.

Мақала Ratel.kz сараптамалық қызметінің қатысуымен әзірленді.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.