Қаз   Рус

Қол жұмсауға тұрмайсың ғой

742 қаралды
0
Құрманғазы РАХМЕТОВ
Среда, 21 Фев 2018, 16:00

Желтоқсаншы Құрманғазы Рахметов Мұхтар Тайжанға жауап берді

Бауырым, мынау қай сасқаның? Үйректермен ісім аз. Сөйлейсің деп алып, қаша жөнелмей, сөз беріп, сол жерде сындыруға салмадың ба, жігіт болсаң? Жер-жерден келген желтоқсандықтарға неге сөз бермедің? Сонау Талдықорған, Шымкент, Алматының ауылдарынан өз қаржыларына келген желтоқсандықтарға не айтасың?

Оқи отырыңыз
Жер мәселесіне арналған жиынға желтоқсаншы мас болып келген

Желтоқсандықтарды сыйлай алмаған сендей белсендімен ісім аз. Менде достықта бар батыстан келген бірталай бауырларыммен кездесудің сәтінен де айырғаның қалай?

Жұма күні жұтып алды, жастарға не өнеге дегеніңе болайын...Төбелеске шақырды дегенің тіпті ұят екен. Қол жұмсауға тұрмайсың ғой? Мен сенен мұндайлық пасықтықты күтпеп едім. Кімнің кім екенін уақыт көрсете жатар. Тәуелсіздіктің қандай жолмен келгенін де дұрыс түсіне алмай жүрген жастардан екенсің.

Әйтпесе, өзің жақындап жүрген депутаттардың Жер Кодексіне енгізілген ҚР 17.11.15ж. № 408 - V Заңымен бұл бап 43-1 тармақшамен толықтырылып, ҚР 02.11.15 ж. №389-V Заңының 24 бабына енгізілген өзгертулер де 01.07. 2016 жылы күшіне енеді,- деген жолдары:Талғат Аян мен Макс Боқаевты бас бостандықтарынан айырып, басқа да жер үшін жанын шүберекке түйіп жүрген Айдын, Қайырлы сияқты жігіттердің басына бұлт боп үйірілгенін білмеуің мүмкін емес қой?! 

Қалай дегенмен мынауың адамгершілікке жат қылық. «Антигептилде» бірге болған күндерімізбен, 90 жылдардың басында "Демократия үйінде" талай бас қосуларда бірге болған, сол үйде майшаммен қалған түндерімізде де болашақтан үміт үзбеген марқұм әкеңе деген сыйластығымыздың құрметіне, жан-жақтан жасалған қоңыраулар мен ұсақ-түйек термек болған журналистерге еш ауыз ашпай қалдырған едім.

Сөйтсем, бірталайлары басып үлгергенге ұқсайды. Мысыққа ойын, тышқанға өлім дегендей, ертең, Мәжілістің 2-ші қарауындағы Жер Кодексіне енгізілмекші толықтырулар мен өзгерістер баршамызды алаңдатады. Өзің жар салған "вотсаптан" келген арандатушылар деген сөзге іліктіріп жібермесең болғаны. Бірден айтайын, желінің "Фейсбугінде" ғана отырамын. Маған телефонмен қоңырау салғаның да жеткілікті. Кімнің бұрыс, кімнің дұрыс жасағанын уақыт өзі көрсетеді. Тек Еліміз, Жеріміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Бір Тәңірден тілерім де осы.
Сол үшін де бетіміз әрқашанда ашық болсын, желідегі достарым!

Дереккөз: Құрманғазы РАХМЕТОВТІҢ Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.