Қаз   Рус

«Күнделік» толтырмаған ұстаздар

3654 қаралды
0
Меруерт ХУСАИНОВА
Вторник, 28 Ноя 2017, 14:30

«Электрондық күнделік» толтырмағаны үшін Алматы облысында тоғыз мұғалімге ресми ескерту жасалды

Кеше ғана  «Күнделіктің күйбеңі» атты мақаланы жариялағанымыз сол еді, Facebook – тегі «Қазақстан ұстаздары» тобында электронды күнделікті уақытысында толтырмағаны үшін мұғалімдерге ескерту беріле бастады деген ақпарат тарады.

Оқи отырыңыз
«Күнделіктің» күйбеңі

Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Қайназар ауылының №2 орта мектебінде электронды күнделікті толтырмаған 9 мұғалімге ресми түрде ескерту жарияланды. Бұл туралы Қарасай ауданы, Жаңатұрмыс мектебінің ұстазы Айман САҒИДУЛЛА хабарлады.

 «Мұғалімдерге ескерту беріп жатыр екен. Салтанат Бақбергенова ханым! Мектебіңізге интернет орнатып, сыныптарға компютер беріңіз. Содан кейін ғана сөгіс, ескерту берерсіз. Бұл мәселені министрлікке жолдайтын боламын», деп жазды ол Facebook-тегі өзінің жеке парақшасында. 

Кешірек Алматы облысы, Жамбыл аудандық Білім бөлімінің басшысы Лайлаш Бакирова: «Курметти Айман Сагидоллакызы! Кайназар орта мектеби жана оку жылында ашылган мектеп , интернет желисине косылган мемлекет тарапынан! Электронды журналга аудан бойынша 37мектеп косылган», деп жауап берді жазбаның астында пікір қалдырып.

Мектептің мөрі басылған бұйрықтың көшірмесі әлеуметтік желіге жарияланысымен-ақ, ұстаздар мен қарапайым азаматтар арасында қызу пікірталас орнады. Қайназарлық тоғыз мұғалімге «электронный күнделікте тақырып, үй жұмысын, жоспарлау және тапсырма беру бойынша толтыру жұмысын жүргізбегені үшін» ескерту жасаған мектеп басшысы Салтанат СУЛЫБЕКОВАНЫҢ бұл әрекетін әркім әрқалай бағалауда.

Басшылық тарапынан ресми ескерту алған әріптестерін қолдап, «интернет жоқ болса, электронды күнделікті қалай толтырмақ?» дескен ұстаздарға Назира Батанова деген қолданушы жағдайды барынша түсіндіруге тырысыпты. Ол: «Істің мəн-жайын білмей олай деу бекер. Бұл істі дұрыс түсінбегендіктен олай демеңіздер.Бұндай жағымсыз ақпарат таратканша мектептің жеткен жетістіктері, оқушылары-мыздың алған жүлделерімен, сəтті күндерімізбен неге бөліспеске» деп жазды.

Десе де, әр аймақтан пікір жазған азаматтардың басым бөлігі мұғалімдерге жасалған ескертуді қисынсыз деп, ал бұйрық мәтініне байланысты «Балаларға обал. Бұйрықтағы қателерге қарағанда білім жоқ деуге болады мына мектепте! Қайдағы күнделік!» деген сыңайда пікір білдіруде.

Осыған қарағанда, кundelik.kz сайтының жыры таусылар емес.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.